Швейцарияның қайталанбас табиғаты бүгінде көптеген шығармашылық адамдардың назарын өзіне тартады, бірақ оның шынайы жыршысы Александр Калам болып саналады. Жалпы Еуропа өнері үшін, әсіресе, Швейцария өнері үшін оның шығармашылығының маңызын асыра бағалау қиын. Александр Калам (1810-1864) бүкіл әлемге туған табиғаттың сұлулығын жырлап қана қоймай, сонымен қатар еуропалық кескіндеменің жалпы көрінісі шеңберінде Швейцария өнерінің маңыздылығы мен дербестігін бекітті. Александр Каламның туындылары арқылы өнер әлемінде «Альпілік пейзаж мектебі» деген пікір қалыптасты.
А.Каламның картиналары академиялық өнер заңдарына бағынышты эпикаға, романтикалық сарынға және «суреттілік» үйлесімге толы. Оның пейзаждары танымал композициялық бөлшектерді қамтиды, алайда, суретші бір суретте әртүрлі, нақты бар түрлердің, табиғат бұрыштарын біріктірген, нәтижесінде жаңа, ішінара «жасанды» пейзаж пайда болды.
Музей жинағындағы «Альпі пейзажы» осындай туындылардың бірі болып табылады. Бір кенепте алқап, тау шыңдары, су апаты және орман бұрышы орын алған. Өзінше бірегей әрбір бөлім картинаның басқа бөліктерімен үйлесе отырып, бірыңғай көркемдік ансамбль құрайды. Аспанға ұмтылған зор қарағай ағаштың сынған діңдері, артқы жағындағы мұнарланған тұманға бөленген маңғаз таулар, судың тегіс айдыны және алқап даланың шетінде тұрған жолаушының жалғыз фигурасы суретшінің уайымын жеткізеді, сонымен қатар шексіз табиғаттың келбетін ғажап тұрпатта бейнелейді.