Жаңалықтар

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Швеция суретшілер Одағының мүшесі, арт-терапевт Александра Бергдаль Ларссонның дәрісі

Міне, «мінез-кұлық нормаларының» шегі қалай анықталады? Оларды кім анықтайды? Неден қалыптасады? Біз «мінез-кұлық нормаларға саймыз ба»? Бұл нені білдіреді? Мүмкін біз өзімізді «мінез-кұлық нормаларына сай адамбыз» деп атайтын шығармыз, өйткені біз көппіз? Біз бұл әлемді басқаша көретіндерден, басқаша сезінетіндерден, олардың ойында, жан дүниесінде не болып жатқанын айта алмайтындар қатарынан да көппіз. Біз көппіз және мінез-құлықта, қарым-қатынаста, өнерде өз нормаларымызды белгілейміз. Дәл осы нормалар дұрыс деп кім айтты?

Бұл өте күрделі және терең сұрақтар. Оларды ұзақ уақыт бойы суретші, арт-терапевт, лингвист, оқытушы Александра Бергдаль-Ларссон зерделеуде. Ол музейге келушілердің көпшілігіне өзінің баяндамаларымен таныс, енді музей залындағы тағы бір дәріс «өзгеше, өңдеусіз, аутсайдерлік» арт-брют өнеріне арналған. Бұл ауқымды термин. Ол әртүрлі психикалық аурулардан зардап шегетін адамдардың көркем шығармашылығының әртүрлі түрлерін қамтиды. Мұндай өнер әдеттегі нормаларға, бағыттарға және канондарға сәйкес келмейді және кейде психикалық ауытқулары бар адамдар үшін қарым-қатынас жасаудың немесе өз болмысыңды көрсетудің жалғыз жолы болып табылады.

«Арт-брют классикалық өнер әлемінен алшақтаған адамдардың визуалды әңгімелерін естіп-тануға ерекше мүмкіндік береді, және көбінесе — жалпы қоғамнан, олар біз олардың өнері арқылы көре алатын әдемі, қорқынышты және күрделі ақыл-ой әлемінде өмір сүреді» — осылайша лектор бұл өнердің қоғамнан «қалыпты» мәртебесін алмаған адамдар үшін маңыздылығын анықтады. Александра арт-брютты психологиялық және өнертану тұрғысынан зерттейді. Ол арт-терапевт ретінде жұмыс істейді және осы кездесуде қаланың мамандандырылған оқу орындарының тыңдаушы – психологтарымен, жоғары оқу орындарының студенттерімен, оқытушыларымен және өнер сүйер қауымның музей клубының мүшелерімен өз білімдері мен бақылауларымен бөлісті.

Адольф Вольфидің суреттері мен музыкасы, Карло Зинеллидің суреттері, Вилли Вайттың шығармашылығы, австралиялық аборигендердің туындылары әр түрлі суретшілер, олардың барлығында бірдей психикалық бұзылулар болған емес, бірақ бәрі әлемді өзгеше көретін. Бізден басқаша. Бұл өте маңызды, өйткені мұндай өнер бізге көптеген өмірлік сұрақтарымызға жауап табуға, өмірге басқа көзқараспен қарауға көмектеседі.