Қымбатты отандастар! Невзоровтар отбасы атындағы музей Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды! Әр үйге жақсылық, аман-есеңдік, қуаныш тілейміз!
Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай Семей қаласының Технологиялық колледжі мен Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің студенттері үшін музей қабырғасында «Асқақ рух пен ерен ерлік туралы біле жүр…» атты тақырыптық кеш өтті.
Қазақ халқының ұлы ұлдары мен қыздары әр түрлі тарихи кезеңдерде батырлық пен патриотизмнің керемет ерліктерін көрсеткен. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов жауынгерлік жолды қатардағы пилот ретінде бастап, гвардиялық авиаполк эскадрильясының командирі атағымен аяқтаған. Қызыл алаңда даңқты Жеңіс Парадының қатысушысы ретінде жүріп өткен батыл қазақстандық соғысқа соңғы нүктесін қойған. Мәншүк Кеңес Одағының батыры (қайтыс болғаннан кейін) атағын алған алғашқы әйел болды. 21 жасында ол Калинин облысының Невель қаласын фашистік басқыншылардан қорғап, снарядтан қаза тапқан.
Кеште кейіпкерлер туралы бейнероликтер мен фотоқұжаттар көрсетілді. Студенттер Гришина Анастасия, Петрова Олеся, Сандыбаева Айсұлу, Слямов Диас соғыс туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қанды даласынан келмеген шығыс қазақстандықтарды, Кеңес Одағының батырларын еске алды.
Ұлы Отан соғысы біздің еліміздің өмірінде терең із қалдырды. Жеңіс тым қымбатқа түсті – қазақстандық әрбір отбасы сұрапыл соғыстың зардабын тартты. Әрбір оқиға мұң мен махаббатқа, болашаққа деген үмітке және тыл мен майдандағы өмір туралы әңгімелерге толы.
Соғысқа байланысты барлық нәрсе әлі де мұқият сақталады және болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалады.