АраласуЖаңалықтар

   Астана күні қарсаңында біздің музейдің қызметкерлерімен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Музейде мектеп жаңындағы лагерлердің балаларына арналған «Астана-балалар көзімен» шығармашылық тренинг өткізілді. Қызметкерлер Астана қаласының көрікті жерлерімен əңгіме арқылы таныстырып, Астана қаласының атауы тарих парақтарына алтын əріппен жазылғаны туралы атап өтті.  Сонымен қатар бүкілəлемдік ЭКСПО көрмесі туралы слайдтар көрсетілді. Қатысушы балаларға «Астана- болашақ қала» тақырыбына тұзды акварель техникасында өзіндік жұмыс жасау арқылы болашақ дизайнерлер рөлінде болуға ұсынылды. Балаларға дəстүрлі емес сурет салу техникасы «тұзбен салу» үйлесімі өте ұнады.

   Алғашқы рет біздің қаламызда Астана қаласының  20-жылдығына арналған «Open Air» фестивалі өтті. Фестиваль шеңберінде музей қызметкерлері интерактивті көркем сурет акциясын өткізді. Бұнда əрбір ниет білдіруші бала, жасөспірім немесе ересек адам өзін суретші ретінде көрсете алды. Біздің əсем Астанамызды түрлі тəсілмен суреттеу ұсынылды: қағаз бетіне қарындашпен немесе асфальтқа бормен сурет  салу. Сонымен қатар Астана қаласының əсем, бүкілəлемді таң қалдырған архитектуралық ескерткіштер,  түрлі елдердің ЭКСПО павильондарының фотосуреттер басылымдарының кішігірім экзпоциясы ашылды. Бұның бəрі мерекелік əсер қосты. Содан кейін музей қызметкерлері қазақстандық суретші Ғалым Қаржасовтың шығармашылығы туралы таныстырып өтті жəне жиналған көрермендерге «Шашу» атты картинасы бейнеленген үлкен пазлды құрастыруды ұсынды. Қала тұрғындары кезекті жақсы көңіл-күйге бөленіп, ал ең белсеңділері естелік сувенирлермен  музейге ақысыз кіру сертификаттарына ие болды. Алайда, бұнымен Астана мерекесі аяқталған жоқ. Алтыншы шілде күні мүзейде жас келушілерге квест ойыны өткізілді. Бұл көп деңгейлі ойын, онда нəтижеге міндеттерді дəйекті түрде орындаумен пазлдарды шешу арқылы қол жеткізіледі. Ойын жаңа компьютерлік технологияларда жəне өнерден алшақ əлемде өсіп-жетілген қазіргі заман жастарына арналады. Бұл ойын кескіндеме жəне графика əлемінде беймəлім жəне қызықты жолсілтегіш. Ойынға қатысушылар əртүрлі қиын тапсырмаларды орындап, бір-бірімен үлкен  ынтамен жарысқа түсті. Бұл күні музей есігі барлық қала тұрғындарымен, қала қонақтарына айқара ашық болды.