Сонымен, жыл сайынғы «Музейдегі Түн» көркем акциясы өткерілді. Көптеген айлар бойы дайындық пен күту толғаныс сәттері артта қалды. Қазір бірнеше күн өткеннен кейін осы акцияның өтуіне атсалысқан адамдарды үлкен алғыспен еске түсіргіміз келеді.
Бәрімізге мәлім, осы жылғы түн «Өмірден көз жазып қалма!» ұранымен өтті. Жоба бағдарламасында көптеген қайрымдылық, жылулыққа толы шығармашылық істер жүргізілді. Соның бірі авторлық ойыншықтар аукцион-көрмесі. Біздің қаламыздың тоғыз қуыршақ шеберлері өз қолдарымен жасаған 50 жуық ойыншықтар ұсынды. Олардың жарты бөлігі қайырымдылық аукционында сатылды, одан түскен қаражат (43.800 теңге) Болтовский отбасына берілді, олардың сегіз жасар ұлы Артемге (апластикалық анемия диагнозы).
Өз жандарын жақсы іске салған шеберлердің есімдерін тағы бір рет еске алайық. Олар: Макишева Инесса Николаевна, Дукумбаева Ажар Рамазанқызы, Редхер Маргарита Александровна, Южакова Анастасия Борисовна, Шапенова Бакытжан Сагдатқызы, Закерханова Рысбике Мустафақызы, Омирбаева Фарида Сулейменқызы, Мануленко Наталья Петровна.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар аукционға қатысуға және қуыршақтарды сатып алған қатысушыларға шексіз алғыстарын білдіреді. Жақсылық жасауды жалғастыра беріңіздер және ол міндетті түрде Сіздерге қайтып оралады!
Артемге мықты денсаулық және оның тезірек сауығуын тілейміз!
P.S. Естеріңізге саламыз, Болтовский Артемге көмек көрсетуге тілек білдірушілер дайректе оның анасымен хабарласа алады.