21 және 22 ақпан күндері Невзоровтар музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданының Канонерка ауылына және Бородулиха ауданының Зубаир аулына барып қайтты. Ауыл мектептерінің оқушыларына Невзоровтар музейінің тарихы, коллекция жинағы туралы «Невзоровтар отбасы атындағы музейінің әлемі» атты дәріс оқылды. Музей қорынан қазақстандық суретшілері туындыларының факсмильді көшірмелерінің көрмесі жайылды. Орта және жоғарғы сынып оқушыларымен біздің Республиканың танымал суретшілерінің шығармашылығы жөнінде дәріс тыңдалды.
Балалар тек тыңдап, көріп қана қоймай олар өз қолдарымен шығармашылықпен айналысты. Канонерка ауылының кіші сынып оқушыларына Алғыс айту күніне арналған шығармашылық сабақтар өткізілді. Музей қызметкерлері жас өнершілерді «қапталдау» техникасымен таныстырды. Қызықты жануарлар, гүлдер балалар қолында жандана түсті.
Ал Зубаир ауылының орта мектебінде балалар ертегі әлеміне саяхат жасады. Олар үшін «Ертегілер толы себет» атты шығармашылық тренинг дайындалды. Балалар әр түрлі ертегілермен танысып, жұмбақтар шешіп және қазақ және орыс ертегілері бойынша қызықты викториналарға қатысты. Іс-шара соңында мектеп оқытушылары мен оқушылар – осындай «шығармашылық кездесулерді» тұрақты ету керек деп, өз ойларымен бөлісті.