Музей балалар көркемсурет студиясының сәндік-қолданбалы өнер көрмесі
Жайлы үйдің терезесінің алдында Қыс әжесі қар көрпе тоқып отыр. Қар ұшқыны бірінің сонынан ілмектерге іліне қатар түзеп тұр. Ал қасында мысық жатыр, ол бір көзімен әжеге немен айналысып отыр деген оймен қарап қояды. Пештің арғы жағынан домовенок Кузя сығалап отыр, ал терезенің сыртында орман перілерінің жұмбақ сыбырын қайталаған боранның әуені естіледі. Терезе алдындағы шам шытырлап жануда, ал аяз болса терезе әйнегіне сәнді өрнектер салуда.
– Неге тып-тыныш болып қалдындар? — дейді Қыс әже, — Әлде біреуді күтіп отырсындар ма?
– Біз жаңа жылды күтіп отырмыз – деді домовенок Кузя, ал ол болса әлі келмей жатыр. Міне, сен, Қыс әже, қанша қар жауғызып, аппақ көрпе төсеп тастадың, бірақ Жаңа жыл әлі де жоқ!
– Күте тұр, Кузя, әлі ерте — деді Қыс әже. Міне, балалар көрмені ашқаннан кейін, Жаңа Жылда келіп жетер.
– Тура бірден келе ме?, — деп, мысық қызыға сұрады. Оның тіпті арқа жүні тікірейіп кетті.
– Қарашы мұны, арқа жүні тікірейіп. Бірден емес, бірнеше күннен кейін келеді. Бірінші көрме өтуі керек, онсыз Жаңа жыл келмейді! — деді Қыс әже байыпты, сабырлы түрмен.
– Ол қашан ашылады? – деді Кузя, бұралаңдап.
– Дәл бүгін ашылу салтанаты болып жатыр. Қарашы, төменде қанша адам жиналған? Ал, сендер білесіндер ме, ол кандай үй екенін?
– Біз білмейміз- деп, бірге жарыса жауап берді Кузя мен мысық.
– Бұл бейнелеу өнері музейі. Ол жерде балалар көркем студиясы бар. Онда балалар оқиды, сурет салады және әртүрлі қызықты нәрселер жасайды. Олар Кузя сені, мысықты, тіпті менің де суретімді салды.
Осылай, сиқырлы аспан әлемінің кейіпкерлері, ертегіні айнымастай шынайы етіп салған, жер әлеміндегі музейдің көркемсурет студиясының балаларынан көз алмай әңгімелесіп отыр. Сонымен, міне Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде «Аяз өрнектері» атты балалар көркемсурет студиясының сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің ашылу салтанаты да өтті. Ұстаздар, Ольга Андреевна Неудачина мен Феденева Ольга Борисовнаның кіші және үлкен топ студиялықтары өз жұмыстарын түрлі техникада ұсынды. Мұнда батик, киіз басу, аппликация және тағы басқа техникаларда жасалған жұмыстар ұсынылған. Оның барлығы да Жаңа жылдық ертегі кейіпкерлері.
Бірақ ертегіні жасау үшін ғажайып қиялдың бар болуы ғана жеткілікті емес, көп нәрсені зерделеп білу тиіс. Сол себептен балалар көрменің ашылуы барысында зияткерлік ойын-викторинаға қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Көрмеде алғы сөздер мен құттықтауларда болды. Музей директоры, Стромская Татьяна Александровна және «Невзоровтар музейінің достары» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры, Люй Александр Владимирович және қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Уранхаева Жанна Бекболатқызы балаларға өзінің жылы лебізін білдіріп, жас ертегішілерге қордан жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Осылай мереке де тәмамдалды. Енді мысық пен домовенок Кузя, Қыс әжесі және де барлық балалар мен ересектер Жаңа жылды күтуді жалғастырады, ал ертегі кейіпкерлері музейде жаңа өмірлерін бастайды!
Жаңа Жыл, кел!