Кеш. Жартылай қираған қаланың бос көшелерімен солдаттар жүгіріп келеді. Композицияның ортасында қолына қызыл жалау ұстаған бозбала-солдаттың бейнесі бар. Күшті саусақтары ағашты қатты қысып ұстап тұр. Ғимараттардың көк-жасыл қара түсті фонындағы қызыл жалаудың алауы қып-қызыл қан түсті рең беріп тұр. Тудың бетіндегі сандар – 674 алтын түсті… Көгілдір аспан үрейлі сезім тудырады. Артиллериялық жарылыстардың жарығымен тұйық көшелер жарықтануда. Картина сюжетінен мазасыздық пен ерекше салтанаттылықты сезуге болады.
Суретші Айтымбай Молдабеков Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевты осындай бейнеде танып-біледі. Бұл адамның тағдыры көп жағдайда картинадағы адамның тағдырын қайталады. Қошқарбаев сияқты ол ерте жетім қалады, соғыс майдандарында соғысқан. Рақымжан сияқты, жөнсіз ұмытылу, әділетсіздік жылдарды басынан өткерді…
Суретші 1924 жылы Ақмола қаласында туған. Төрт жасында жетім балалар үйіне түскен. Кейін ағасы Айтымбайды Алматыға көшіріп алады, ол жерден 41-ші жылдың ақпан айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Украина майданында соғысып, взвод командирінің көмекшісі болды. 1944 жылы аяғынан жараланады. Соғысты аға сержант атағымен бітіріп, медальдармен және ордендермен марапатталды.
Қазақ театр-көркем училищесін (кейін сол жерде сабақ берді) бітіргеннен кейін Молдабеков Алматы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмыс істеді, 20-дан астам қойылымдар қойып, алғашқы кәсіби театр суретшілерінің бірі атанады. Тамаша педагог және монументалист, ол сондай-ақ көркем көрмелер дирекциясының жұмысын ұйымдастырумен және ескерткіштерді жобалаумен айналысты, Қазақстанның көркем қорын толықтыру үшін Қазақстан мен КСРО суретшілерінен өнер туындыларын сатып алуды жүзеге асырды.
1950 жылдан бастап Молдабеков түсті қабылдау психологиясы саласында қызықты және терең зерттеулер жүргізді. Түстерді байытумен жұмыс жасай отырып, өз шығармаларының түстерінің маңыздылығына, көрермендерге эмоциялық әсерді жеткізуді ұмтылған.
Суретшінің картиналары «әрдайым тар ұлттық өнерден тыс еді. Оның қаһармандары интернационалды, олардың идеялары жалпыадамзаттық». Бұл автордың өз ұрпақ буынына деген кең көзқарасы. «Біз әрқашан сапта болдық», — деп, Молдабеков өз шығармаларына, өз замандастарының сезімдерін көрсету арқылы түсініктеме бере отырып, еске алды. «Біз арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары едік. Менің ұрпағым әлі де сапта». Бұл ішкі серпілісті біз 1975 жылы жазылған «Лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі» музей жинағындағы жұмысында да көреміз.
Біздің көкірегімізде ерекше көңіл мен мақтаныш сезімін ұялататын халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімін білмейтін қазақ, оның ерлігін қайталауды армандамайтын жас буын ұрпақ жоқ шығар. Ол он үш жасында жетім қалады, балалар үйіне түседі. Ал жетінші сыныптан кейін фабрикалық-зауыттық училищеге оқуға түседі. Соғыс басталғанда, он алты жасар бозбала жігіт Қызыл әскер қатарына сұранады, бірақ тек 1942 жылдың тамызында майданға емес, Көкшетау атқыштар полкіне, кейін Тамбов жаяу әскер училищесіне алынады. Тек 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік бітіріп, майданның алғы шебіне аттанады. Оның алғашқы айқастардың бірінде бұйрықты күтпестен, жас шабарман-солдатты алып шыққаны полктес жауынгерлердің есінде қалған. Комбат жас лейтенантқа аздап ұрсып ақыл айтса да, оның ержүректілігін әділ бағалаған.
1945 жылдың сәуір айында Кеңес Қарулы Күштерінің алдында басты міндет тұрды – Берлинді алу. Берлин түбіне бірінші болып аты аңызға айналған 150-ші Идрицко, Кутузов орденінің 2-ші дәрежелі атқыштар дивизиясы келді. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаевтың взводы жаудың қатал қарсыласуын басып, бірінші болып Шпрее өзенімен жаудың қорғаныс шебін бұзып шығады. Рейхстагқа дейін тек 500 метр қалды… «Рейхстагтың маңында және барлық қасындағы алаңдарда бір мезгілде көптеген снарядтар мен миналардың жарылыстарынан қорқынышты гүрсілдер естіледі. Қала от құрсауына бөленді. Солдаттарға түтін мен шаңнан көрінбейтін алагөбе болғанымен, шын мәнінде шуақты күндізгі күн еді».
1945 жылдың 30 сәуірінде 150-ші атқыштар дивизиясының ең үздік жауынгерлері лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. «…Күн бойы, жер бауырлап, солдаттар жүгіре отырып, тасаланып Рейхстаг түбіне жақындады. Міне – алатын бекініс… Қошқарбаев пен Булатов Рейхстагқа Жеңіс туын тігіп, қайтып оралды». Рейхстагты алу кезіндегі батырлығы үшін лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1999 жылдың мамыр айында Президенттің Жарлығымен Р. Қошқарбаевқа қайтыс болғаннан кейін жоғары дәрежелі «Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағы берілді.