«Қазақ ұлттық қол өнері мерекесі. Қазіргі заман және дәстүр» көркем жобасы 2013 жылы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы қызметкерлерімен дайындалған. Жоба кураторы – Киляоглова Светлана. Фестиваль осымен төртінші рет Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ-ның біріккен бағдарламасының көмегімен өткізілуде.
Фестиваль бағдарламасында: халық шеберлерінің туындылар көрме-конкурсы, ұлттық киімдегі модельдер дефилесі, шеберлік-класстар, халық ойыны – «тоғыз-құмалақ», викториналар, халық музыкалық концерті, ұлттық ойындар.
44 халық шеберлерінің көрмеге 370 экспонаттары қойылды. Бұлар – киіз, тері, металлдан жасалынған бұйымдар, ақ металлдан әйелдер әшекейлері, ұлттық музыкалық аспаптар, үйге арналған аксессуарлар мен сувенирлер. Көрме-конкурсқа қатысқан авторлар: Семей қаласы, жақын ауылдар Аякөз, Шүлбі аймақтарынан. Көптеген авторлар республикалық, аймақтық, облыстық қолөнер-шеберлер конкурсының жеңімпаздары.
Көрменің үлкен бір бөлігін Өскемен қаласында орналасқан облыстық өлкетану мұражай қорынан әкелінген сирек экспонаттар көрмесі құрайды.
Фестиваль халықаралық деңгейге шықты. Осының дәлелі — биылғы фестиваль қонағы танымал қазақстандық шебер САУЛЕ БАПАНОВА. Біздің қонақ — ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы «Көркем тоқыма» кафедрасының профессоры. Ол «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Қазақстан меценаттарының «Платина Тарлан» тәуелсіз сыйлығымен марапатталған. Оның киізден басылған киім үлгілері Франция, Латвия, Дания, Тегеран елдерінде көрмелерге ұсынылған. Жеке көрмелері Турция, Польша, Германияда өтті.
IV аймақтық фестивальінің жеңімпаздары: А.Асылбай, А.Нурмухаметов, А.Абильханкызы. Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ-ның біріккен бағдарламасының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Фестиваль қонақтары мен қатысушыларына ұлттық тағамдар, қазақтың пісірілген тәтті тағамдары, ең танымал сусыны – қымыз бен сүтті шайы ұсынылады. Жерлестеріміздің шығармашылығына өзіндік баға беруге келушілерді шақырамыз.