Қазақстан Республикасы Ұлттық музей «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын хабарлайды.

Акция 2015 жылдың 18 наурызынаң 18 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы мерзім аралығында Ұлттық музей республика мен Астана қаласы тұрғындарынан ел тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін жәдігерлерді  ризашылықпен қабылдайды. Тартулар Ұлттық музей экспозициясы көрнектерінен лайықты орын алмақ.  Музей үшін құнды тек жанұялық тәбәріктер, көне құжаттар мен суреттер ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұллтық киімдер мен жалпы этнографиялық заттар мен т.д. да құнды болмақ.

Ұлттық музей өз қорларын толықтыруға ат салысып құнды жәдігерлерден сый-тарту жасағандарға алғыс білдіреді. Олардың аттары музей тарихының жылнамаларында мәңгі қалады. «Ұлттық музейге сый тарту» қайырымдылық акциясына қатысыңыз!

Анықтама алу байланыстары: Астана қаласы. Сіздерді Ұлттық музей қызметкерлері жұмыс күндері сағ. 9.00-17.00-де, мына мекен-жайда: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 күтеді, 328 кабинет.

Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 919-031, 8 701 574 68 80, 87011848375.

Семей қаласы: ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы  Пушкин көшесі, 108.

Анықтама үшін телефондар: 8(7222)52 31 84.