1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.
«Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді» — Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігінің көрінісі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер — Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік гимн болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ағаштың жанында — ұлттық ою-өрнегі бар тік жолақ. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасының туын халықаралық көрмелерде, жарыстарда және кездесулерде жиі көруге болатындығы қуантады. Қазақстанның көптеген өкілдері түрлі халықаралық ұйымдарда қызмет атқарады. Мұнда келген шетелдіктер Қазақстан Республикасының даму қарқынына таңданыс білдіруде.
Мемлекеттік елтаңбада қолданылатын негізгі түс – алтын түсі, ол байлықтың, әділеттіліктің және ұлылықтың символы болып табылады. Сондай-ақ, тудың түсі — көгілдір, ол алтын түсімен үйлеседі және таза аспанды, бейбітшілік пен әл-ауқатты бейнелейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу орналасқан. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу — алтын түстес.
Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 2006 жылдың қаңтарынан бастап «Менің Қазақстаным» әні болып табылатын елдің әнұраны жатады.
Қазақстан-болашағы зор, дамып келе жатқан мемлекет. Мемлекеттің бейбітсүйгіш саясаты, зияткерлік және экономикалық әлеуеттерді дамыту болашақ өркендеу кепілі болып табылады.
Сондай-ақ, елімізідің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстанның символы деп есептеуге болады. Қазіргі заманғы қала болған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның қуаты мен күшін бейнелейді.
Осы мереке күні баршаңызға амандық, жақсылық пен қуанышты сәттер тілейміз!
Материалды дайындаған музей кітапханашысы Лариса Алексеевна Шестакова.