Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жиырма тоғызыншы жылы аяқталуда. Дәл осы күні, 1991 жылы біздің республикамыз әлемдік аренада өз ұстанымын нық бекемдеп, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.
Осы жылдар ішінде алғаш рет біз бұл мерекені осындай қиын уақытта атап өтудеміз. Пандемия, карантин, шектеу шаралары деген ұғымдар біздің өмірімізге енді. Ол музей қауымдастығына да әсерін тигізді. Бүкіл әлемдегі мәдени институттар пандемия салдарынан қатты зардап шекті. Интернет кеңістігі: «Музейлер пандемиядан аман қалу үшін картиналарды сата бастады», «Ақша таусылды: батыс елдерінің музейлері өз коллекцияларынан құнды картиналарды сата бастады», — деген қорқынышты тақырыптармен толықты. Музей қызметкерлерінің жаппай жұмыстан шығарылуы туралы ақпарат пайда болды. ЮНЕСКО мен Халықаралық музейлер кеңесінің (ИКОМ) мәліметтері бойынша музейлердің 90 пайызға жуығы (және бұл 85000-нан астам мекеме) карантин кезінде әр түрлі уақытта есіктерін жаба бастады.
Жеті айдан астам уақыт бойы біздің музей келушілер үшін жабық болды. Бұл оқшаулау тәжірибесі біз үшін бекер болған жоқ. Оқшаулау кезеңінде музей мен ұжымның қалай өмір сүре алатындығын түсіну қажет болды.
Сонымен, біз көрермендерсіз, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынумен және келесі маңызды: біздің ұлы жерлесіміз Абай Құнанбаевтың мерейтойлық жылы, ҰОС Жеңісінің 75 жылдығы және тағы басқа атап өтілуі керек жоспарлармен қалдық. Музей өмірі біртіндеп онлайн кеңістікке көшті. Наурыз айынан бастап музей сайтында және әлеуметтік желілерде 1000-нан астам жарияланым пайда болды, олардың көрілім саны 108 715 құрады. Жаңа көрмелерге экскурсиялар («Испанияның көркем тарихи орындарына саяхат», «Соғыс және бейбітшілік туралы майдангер-суретшілер», «Абайдың әлемі мен жолы» және т.б.), музей іс-шаралары туралы бейнефильмдер (Жеңістің 75 жылдығына арналған А. Ситниковтың «Концерт», «Музейдегі түн», музейдің реставрациялық жұмысы туралы картиналар және т. б.), «Музей қорынан», «Мұрағат материалдарынан», «Қаламыздың суретшілері» айдарындағы мақалалар, қала суретшілерімен «Шығармашылық туралы әңгіме», «Қала қолөнершілері», «Сыйтартушылар мен меценаттар», «Кітаптар сөресіндегі кітаптар» және тағы басқалар. «Менің Абайым» балалар шығармашылығының онлайн конкурсы өткізілді.
Музей қызметінің көп бөлігі экспозициялар мен көрмелерге байланысты. Оларды виртуалды кеңістікке жібермес бұрын, оларды нақты экспонаттардан нақты экспозиция түрінде құру керек болды. Біз музей қорындағы барлық жоспарланған көрмелерді экспозициялық залдарға орналастыра алдық. «Абайдың әлемі мен жолы», «Соғыс және бейбітшілік туралы майдангер-суретшілер», «Менің Абайым», «Бояу түс қажетілікке айналғанда…», «Қазақстан жері мен халқы» — әрқайсысы көрме жобасын жасауда, содан кейін виртуалды экскурсияларды, бейнефильмдерді, мақалалар мен жарияланымдарды дайындауда үлкен күш-жігерді талап етті.
Әр музейдің «қасиетті — өмірлік мәні» – қорлармен жұмыс жүргізілуі жалғасуда. Олардың қалыпты сақталуымен қор сақтаушылар мен реставраторлар, зерттеулерімен – ғылыми қызметкерлер айналысты.
Бүгін еліміздің басты мерекелерінің бірін атап өтіп, осындай қиын уақытта да мемлекет музейлердің бар болуын назардан тыс қалдырмағанын атап өткім келеді. Біздің музейдің бірде-бір қызметкері жұмыстан босатылған жоқ, барлық ғылыми қызметкерлер қашықтан жұмыс жасау түріне жіберілді. Музейде әкімшілік, қор сақташылар, реставратор, техникалық қызметшілер қалды. Бұл ретте, жалақыны және тіршілікті қамтамасыз етудің барлық қызметтерін қаржыландыру толық көлемде жүзеге асырылғанын атап өту маңызды. Біздің музей келушілерге ашық.
Музей атынан әріптестерімді және барша Қазақстан тұрғындарын Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймын және Республиканың музей ісінің өркендеуіне зор табыстар тілеймін.
Невзоровтар отбасы атындағы
ШҚО бейнелеу өнері музейнің
директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Т. Стромская