Жаңалықтар

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде жергілікті суретшілердің көрмесі ашылды. Көрмеге кәсіби мамандар да, студенттер де, әуесқойлар да қатысты. Суретшілердің әр түрлі буыны көрермендерге соңғы жылдары орындалған өздерінің үздік шығармаларын ұсынды. 

  Вернисаж 12 желтоқсан күні ашылды.

  Ашылу салтанатында ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы  бейнелеу өнері музейінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, Т.А. Стромская, Шәкәрім университетінің тарихи-педагогика факультетінің деканы Б.Т. Тұрғанбаева  сөз сөйледі.

  Осы көрме 51 қатысушы мен 130-дан астам жұмыстарды ұсынды.

  Жеңімпаздар: Евгений Сухов ( І орын); Талғат Татиев ( ІІ орын); Роман Бобровский ( ІІІ орын). Ынталандыру сыйлықтарын Вера Степанова, Ержан Тұрғанбаев, Виктор Шмидт алды.

  Жергілікті суретшілердің көрмесі көрерменге де, суретшілерге де қажет. Әр автор өз шығармаларына сырт көзбен қарауға, оған не жақын екенін және қайда баратынын білуге мүмкіндігі бар. Жыл сайын көрме қызықты болып келеді және ағымдағы жылдың барлық іс-шараларының салтанатты аяқталуы болып табылады.