АраласуЖаңалықтарХабарландыру

  18 мамыр күні, музейлердің халықаралық түні қарсанында, ең таңымал қазақстандық суретші-график, дизайнер, куратор, артизан, кескіндеме, графикалық жұмыстар, көркем объектілер, инсталляциялар, перфоманстар, хэппенинг авторы, Всеволод Демидов өзінің «Жаңа көзқарас» жаңа жобасын көрерменге паш етеді.

   «Жаңа көзқарас» — бұл суретшімен көзілдіріктерге арналған түрлі оправаларының  негізінде жасалған әр түрлі уақытта, әр түрлі стильде оптикалық аспаптардаң  құрылған интерактивтік көрмесі.

  Көзілдірік тәріздес арт-объектілерді тек көріп қана қоймай, сіз автордың шеберлігін, керемет қиялын бағалай аласыз, сондай-ақ осы көзілдіріктерді киіп-көріп, селфи жасай аласыз.

  Всеволод, немесе Сева, оны білетіндердің көпшілігі жылы лебізбен, осылай деп атайды, ол өз шығармаларын ұстауға рұқсат етпейтін суретшілер қатарына жатпасы анық. Керісінше, ол өзі   арт-объектілерін  киіп көруді  және селфи жасауды ұсынуды ұстанады.  Мысалы, Бішкекте, оның жақында өткен «Үшінші жартышар»  бас киімдер  көрмесінде, көрермен өздері ұнатқан, көріп-қарауға және киіп көруге ыңғайлы болу үшін  төбеге ілінген, креативті қалпақтарды киіп көріп  және селфи жасай алған.

  Енді Семей қаласының көрермендері де алматы артизанының бірегей жұмыстарын көріп және оларды қолмен ұстап, өздеріне «Жаңа көзқараспен» қарап- қызықтау мүмкіндігіне ие болып отыр.

  — Селфи тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті мәселесі, — дейді Сева, — бірақ,  бұл тек айсберг  шыңы ғана. Менің көзілдірік тәріздес пішіндерім арқылы арт-терапия жүреді.  Кейбір көзілдірік арқылы жақсы көре аласыз, ал кейбіреулері онша анық емес, ал басқалары тіпті қараңғылау, оны киген адам өзінің жан-дүниесінің жаңа әлеміне үңіле алады десем артық болмас. Маған көрермендермен қарым-қатынаста болу және  оларды шабыттандыру ұнайды.  Мен барлық арт-объектілерімді  көрермендерге өздерін жаңа қырынан  көруге, өздерінің жаңа қыр-сырларын  ашуға арналған импульстер беру мақсатында жасуға тырысамын.  Мен шығармашылықтан ләззат ала отыра, сонымен қатар, көрермен көзінен жарқын ұшқынды көргенде қуанамын, бәлкім бір сәтке болса да, оның өмірі қызықты және қуанышқа толы болды. Баршаңызға өмірге  жаңа  көзқараспен қарауды және шабыт тілеймін!