Жаңалықтар

«Музейге – барлық отбасымен бірге» атты  музейдің отбасылық топтар жобасына қатысушылардың жұмыстар көрмесінің ашылуы және «Бақытты тәрелке» халықаралық қайырымдылық акциясы

(Қазақстан – Ресей  –Голландия).

 

Балаларды қорғау күні мерекесіне арналады.

 

Бізде бақытты сәттер көп пе? Бұл сұраққа тек адамның өзі ғана жауап бере алады. Біреуде көп, біреуде аз, бірақ олар сөзсіз бар! Әрине, бар, тек ойлану қажет, ал әр адам үшін бақыт дегеніміз не? Мүмкін ақша ма? Билік? Мүмкіндіктер?  Ойланыңыз, себебі бұның бәрі тек алдамшы заттар  және шын мәнінде бізді бақытты жасауы екіталай.  Ақша құнсызданады, билік сананы бүлдіреді,  ал мүмкіндіктер жоғалады. Тек біздің жүрегіміз бен жан-дүниеміздегі жылулықты жоғалту мүмкін емес. Махаббат қайта жаңғыртуға, өмірдің мәнін сыйлауға, тіпті жүрек жарасын емдеуге қабілетті, ал еңбек шынайы болмыстыңқуанышын және жүректің қуаныштан соққан әр бір минутын сезінуге көмектеседі. Мүмкін, бақыт біздің жақындарымызда, сүйіктілерімізде, күндерімізді бірге өткізетін, бірге демалып бірге жұмыс істейтін адамдарда?

Бақытты іздеп қажет емес, ол қасыңда!

Бүгін біз «Музейге – барлық отбасымен бірге» атты  музейдің отбасылық топтар жобасына  қатысушылардың жұмыстар көрмесін ашып және «Бақытты тәрелке» көркемсуреттік  акцияны өткізіп отырмыз. Екі  оқиға да балаларды қорғау  күнін мерекелеуге орайластырылған, өйткені бала —  Алланың берген сыйы, махаббат пен бақыттын нәтижесі.

Отбасылық топтар  – үлкен жоба, ол музейде бес жыл бойы жүргізіліп келе жатыр. Біздің мақсат – балалар мен ересектерді бір біріне жақындастыру, өзге адамдардың жан дүниесін түсіну  мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігін  тәрбиелеу, бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы  бақытты сәттерді бағалауды түсінуге көмектесу. Сабақтарда топтағы ересек пен бала бірге жұмыс істейді, бірлесе  бір  туынды жасайды. Көрмеде қойылған әрбір жұмыстар  —  бұл ересектер мен балалардың бірлескен еңбектің нәтижесі.

Отбасылық топтар – білім беру жобасы.  Біздің қатысушылар өнер тарихы негіздерімен танысады және музей экспозициясын зерделейді.  Олар жыл бойына картиналарды қайтара көріп, оларды әр түрлі тұрғыдан бағалап, өзіндік қабылдау призмалары арқылы  өткізе отыра  жаңа нәрселерді танып- біледі.

«Бақытты тәрелке» көркемсуреттік акция отбасылық топтар жұмысының қорытынды аккорды болды, ол осы атаумен үлкен халықаралық жоба аясында өткен.  Жоба үш елді байланыстырды – Қазақстан, Ресей және Нидерланд. Оның кураторы, суретші Татьяна Эгмонд  Нидерланды Неймеген қаласының муниципалитетімен   және Санкт-Петербург қаласындағы  «Мировоззрение» халықаралық өнер орталығымен (Ресей), Пезаро қаласындағы «Асило»  әлеуметтік — мәдени орталығымен (Италия),  Гомельдегі «Ващенко галереясы» (Беларусь) және  Берлиндегі  «Альбатрос» арт галереясымен (Германия) бірлесе Ресей және Еуропа елдерінде әшекейленген тәрелкелер көрмесін ұйымдастырады.

Музейлік жобаның отбасылық қатысушылары  өмірлеріндегі  ең бақытты сәттерін еске түсіріп және оларды арнайы пластикалық тәрелкелер бетіне бейнелеуге тапсырма алды.  Осы «бақытты сәттер» біздің музейімізде бір ай бойына болады, соңынан жер жүзі бойынша саяхатқа аттанады. Олар Еуропа және Ресей елдеріндегі көрмелерге қатысады. Осылайшы біздің отбасыларымыз басқалармен өздерінің бақыттарымен  бөліседі,  бәлкім  әрі қарай біздің әлем көркейе түсетін шығар.

Жоба кураторлары   Белякина Н.А, Рекида И.М.