ЖаңалықтарХабарландыру

«Осы күндердің даңқы өшпес» — атты Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің көркемсурет студиясында тәлім алатын балалар жұмыстарының көрмесі. Биыл Ұлы Отаң соғысындағы Жеңіске 72 жыл. Көп уақыт па әлде аз уақыт па? Егер тарих парақтарына үңілсек, әлбетте өте аз уақытты белгілейді. Егер адам өмірін алсақ, онда үлкен мерзім, сол соғысты көрмеген ұрпақ өсуде. Оны жадымызда сақтауымыз қажет пе? Жылдан жылға сол сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлер қатары сиреуде. Уақыт өз дегенің алады! Сол бес жылдық қиын-қыстау кезеңнің ауыртпалығын тылда қызмет еткендер тартқан. Өкінішке орай, тарих оқулықтарында 1941-1945 жылдар аралығындағы кезеңдер қысқартылған. Балаларға осы тақырыпты ашу қиын. Бір ардагер: «Осы соғысты ұмытсақ – жаңа соғыс басталады» — деген. Оны сезініп-білу қиын. Кім өз баласына, немересіне, ұрпағына соғыс тілейді?

Көрмеге 37  жұмыс қойылды. Балалар сол жылдар ауыртпалығын сезінуге барынша тырысты. Кейбіреулерінің аталары тірі. Ол отбасыларында соғыс туралы естелік бар. 10 жастағы Бақтығалиева Ажар суретінде өз атасын  бейнелеген. Оның жұмысы «Менің атам» деп аталады. Басқа балаларға қиынға түсті. Олардың қастарында  қазіргі уақытта сол соғыс туралы айтып беретін адамдар жоқ. Олар өз шығармашылық шабыттарына жүгінді. Сол кездегі әскери музыка, әңдер, соғыс туралы фильмдер көмегін тигізді. 9 жастағы Юсупова Аружан осы соғыс тақырыбымен тебіреніп үш жұмыс жазды. Бейбітова Дария, Ефремова Алина, Аманқалиева Айымда бір жұмыспен шектеліп қалмады. Көптеген балаларға бір материал бойынша жұмыс істеу қиынға түсті, эмоционалдық әсерлілік жетпей қалды. Кейбір балалар  тек бір техникада жұмыс істеді, мысалы, Кузьмина Регина — графикада, ал Уткина Кристина — көркем кескіндемеде. Студийцтер алдына қойылған мақсатты орындап шықты. Тақырып өте қиын болды. Алайда балалар көрермен назарына келесі жұмыстарын ұсынды: «Қош бол әке», «Сүйіктімді майданнаң күту»,  «Әкешім сенін жоқ екендігіне сенбеймін», «Соғыс қорқынышы», «Батырлар өлмейді», «Қара қағаз», Осы тақырыптарды оқығанда денең түршігеді. Балалар осы жұмыстарды жазғанда қандай эмоционалдық тебіреністе болды десеңізші.

Көрме тақырыбы балалар мен біздің есімізде мәңгі қалатыны анық.  Осындай ұзақ уақытқа созылған жұмыс тақырыбын ашу, оны көрерменге жеткізе білу осы балалардың нәзік жаң-дүниесінде із қалдырғаны анық.