Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі балалармен кезекті іс-шара өткізді. Бұл жолы № 8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Бізді қоршаған әлем» атты танымдық-білім беру жобасы болды. Музей қызметкерлері белгілі қалалық фотосуретші Денис Комиссаровпен бірге «Орбита» сауықтыру лагеріне барды. Ол жерде демалушылар үшін көркем сурет бойынша шеберлік-класс өткізілді, онда фотограф шағын «шеберлік құпиясымен» бөлісті. Ал лагерьдің маңайындағы практикалық фототүсірілімінде балалар алған білімдерін өздері қолдана білді. Интернат тәрбиеленушілері педагог, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Айғожина Гүлмира Мұхамет-Қызырқызының жетекшілігімен өздерінің жазғы демалысын қызықты әрі танымды өткізуге мүмкіндік алды. Жас фотографтардың ең үздік жұмыстары тамыз айында музейде өтетін «Бізді қоршаған әлем» атты фотосуреттер көрмесі – жобасының жалғасы ретінде ұсынылады.
Барлық балалар ерекше дарынды екені ешкімге құпия емес, және бізге, ересектерге оларға осы таланттарды ашуға көмектесу, балаларға әдеттегі әлемді басқаша, жаңаша, бұл жолы кәдімгі смартфонның объективі арқылы көруге мүмкіндік беру міндет. Біздің ойымыз пайдалы және танымды болды деп үміттенеміз.
Сондай-ақ, 2011 жылы өзінің шығармашылық қызметін бастаған Денис Валерьевич Комиссаров белгілі қалалық фотограф, көркем сурет бойынша қалалық, республикалық және өңіраралық көрмелердің қатысушысы болғанын еске сала кетейік. 2016 жылы ол Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық суретшілердің көрмесінде суреттер номинациясы бойынша бірінші орынға ие болған, Алматы қаласындағы «Менің әлемім» атты фотосуреттер конкурсына, Ресей Федерациясы Верхняя Пышма қаласындағы («Осенний пейзаж» бөлімінде 1 орын), сондай-ақ Омбы қаласындағы «Привет осень» атты фотоконкурсқа(2 орын) қатысқан. Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйінде фотограф болып жұмыс істейді. Табиғатты және жануарларды суретке түсіруді ұнатады. «Ал Сіздің ең сүйікті фотосуретіңіз қандай?» — деген сұраққа , «ертең Сізбен бірге түсірілетін…»- деп жауап береді.