Соңғы жылы күндер, күлімдеген күздің соңғы күндері, түстерін өзгертетін табиғат … Нағыз суретші осы табиғаттың құбылмалы алуан түстерін көргенде қалай өз шабыттын ұстап тұра алады!!! Сонымен, музейдің көркемсурет студиясының балалары мұғалімдерімен бірге студияның салқын бөлмелерін тастап, табиғат аясына күзгі сұлулықты тамашалауға және өздерінің суреттерінде оның сулулығын бейнелеуге шықты.
Күз өз алақанымен қайың немесе теректің ұшар бастарын сипай, олардың жапырақтарын алтын түсті сарыға бояды, күз үйлер мен қоршауларды ауа шымылдығымен жауып, олардың түстерінде де жаңа реңктер пайда болды.
Мұғалімдер Ольга Андреевна мен Манат Саясатович өз оқушыларына мұқият тәлім беріп, күзгі түстерді көруге, пішіндерді дұрыс беруге, үйлерді, көшелерді, құстар мен жануарларды бояуға үйретеді. Жас суретшілер биологиялық орталықта да, қаланың ескі көшелерінің ортасында да сурет салады. Балалардың суреттері күздің хош иісімен толтырылып, ұзақ қыс бойына күздің «соңғы сұлулығын» сақтап қалғандай.