Жыл сайын Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің жанындағы студия жаңа оқушылармен толықтырылады. Олар тек бейнелеу өнері сабақтарына қатысып ғана қоймайды, сонымен қатар музейде өтетін іс-шаралармен де айналысады. Музей – өнер ордасы, ал музей студиясының жаңа оқушылары «өнер жолын қуған адам» қауымдастығы қатарына кіру үшін арнайы қабылданады. Жалпы студия оқушылары қатарына қабылдау тақырыптары әркез жанарып тұрады. Бір кезде жас суретшілер қарақшылармен бірге қазына іздеп, соңынан Хогвартстың сиқырлы әлемін аралайды. Осы жылы Афина студияға жаңадан келгендерді музалармен бірге қарсы алды. Ал, музалар болса өз тарапынан әртүрлі жастағы балаларды музейде орналасқан тапсырмаларды орындауға жіберді. Балалар достық портрет салып, мифтік жануар ойлап тауып, дуэт болып жұмыс істеп және жұлдызды аспанның құпияларын ашып, Горгонаның көзінен жасырынып, үш басты Цербердің қасынан өтуге тырысты.
Болашақ суретшілер жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, «музалардың қарамағына жіберілді». Талия, Урания, Мельпомена, Эрато, Клио (Есембаева Айдана, Пяткина Дарья, Кособаева Диана, Логвиненко Екатерина, Алтухова Екатерина) сынақтан өтуге көмектесіп, балалармен бірге еріп жүрді. Залдарда студия оқушыларының қатарына жаңадан кірген жас суретшілерді Гермес (Коновалов Богдан), Медуза Горгона (Еремина Арина) және Сфинкс (Корниенко Богдана) күтіп тұрды. Тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін әр топ болашақ өнер ордасының бөлшектеріне қол жеткізе отыра, барлық сынақтардан кейін «бұрыңғы» және «жаңа» студия оқушылары бірігіп, музейдің дәріс залында (көпес Степановтың бұрынғы ескі театры), құрастырып шықты. Студия оқушылары қатарына қабылдаудың соңында әрбір неофит бетке бояу жағу арқылы өзінің ерекше белгісіне ие болды. Өйткені, нағыз суретші бояуларды игере алуы керек!
Бұл іс-шараның барлығын Афина құдайы басқарды, өйткені оның іскерлігіне эстетикалық тәрбие беру бөлімінің басшысы Ольга Неудачина жүгінген. Жалпы фотосуретке түсу, кейіпкерлермен фотосессия жасау, шығармашылық әлуетті ашу мен әсерлену және оны талқылау, міне – іс-шараның қорытындысы. Мыңдаған жылдарды артқа қалдырып грек құдайлары жерге қайта түсіп, мифтер қайта жандана, бояулар жарқырай түсті. Мереке сәтті өтті деп толық сеніммен айтуға болады!