Наурыз мейрамының онкүндігін мерекелеу барысында әр күн ерекше мәнге ие және арнайы бір күн қазақтың ұлттық киіміне арналады. Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі бұл күнді ең кішкентай келушілермен жұмыс істеуге арнады. «BABY CARE» балабақшасының балалары аппликация техникасында қазақ ұлттық костюмін жасау бойынша шығармашылық сабаққа қатысты. Бес жасар суретшілер өздерінің шығармашылық жұмыстарын мұқият безендіріп, фигураларға киім элементтерін жапсырып, сонымен бірге халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен танысты.
Ұлттық костюм мен көркемсурет аппликация техникасының ерекшеліктерімен оларды музей педагогы Наталья Александровна Белякина таныстырды. Қайшыны және желімді қалай дұрыс пайдалану керек, заттарды қағазға қалай әдемі орналастыру керек және костюмдердің шын мәнінде қандай болғанын балалар музейдің дәріс залында үлкен экранда көрсетілген слайд-шоудан көріп білді.
Жұмыстары әдемі болып шықты. Балдырғандар өз жұмыстарымен қуана суретке түсіп, жақындарына сыйлық ретінде үйлеріне алып кетті.