Жаңалықтар

Біздің қаламыздың № 6 орта мектебінің балалары осы аптада кенеттен нағыз ғалымдарға айналып, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіне ғылымды бағындыруға келді. Ол қалай дейсіз бе? Оп-оңай! Мектепте Ғылым апталығы өтті, осы күн аясында бірінші және төртінші сынып оқушылары музейге және музей қызметкерлері Сивашова Юлия Валерьевна мен Неудачина Ольга Андреевна өткізген екі музей квестіне қатысты. «Музей жұмбақтары: зерттеп, жауабын табыңыз!» және «Ауа-райы дегеніміз не?» – бұл балаларды бір сағатқа ойландырған және оларды музейдегі суреттерді мұқият қарап қана қоймай, нақты тәжірибелер жасауға мәжбүр еткен квест тақырыптары!
Қалай өтті дейсіз бе? Музейде қандай физикалық тәжірибелер жасауға болады? «Кемпірқосақты қалай ұстауға мүмкін?» «Бөтелкеде тұманды қалай жасауға болады?» содан кейін осы бейнелерді суретшілердің суреттерінде қарап табу, «қандай қар тез ериді?» – бірінші сынып оқушылары Ольга Андреевнамен бірге эксперименттер жасап, картиналарды зерделеп қуана білді. Бірақ, суреттегі заттар қалай шынайы болып көрінеді, кейбіреулері алыс, ал кейбірі жақын, түстер қалай бір бірімен үйлесім табады? Ол туралы 4-сынып оқушыларына Сивашова Юлия Валерьевна түсінуге көмектесті.
Таңдану, қуаныш, жаңалықтар ашу қуанышы – эмоциялар толқынысы сезілді! Қандай керемет нәрсе – ғылым! Қандай керемет адамдар – суретшілер!!!