Жаңалықтар

Бұл күні Невзоровтар мұражайының залдарында Бах және Шуберт, Глюк пен Беренстің музыкалары, грузин әні «Сулико» және казахстандық композитор Мацуцинаның пьесасы ойналды. «Баурап алған өнер» дәріс-концертінің жас қатысушылары — №1 балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері, олар тек әсем туындыларды орындап ғана қоймай, музыка тыңдау барысындағы алған әсерлерін қағаз бетіне түсіру арқылы өздерінің көркем дарындарын шыңдап қалуға тырысты.

Тәжірибелі педагогтар, Динара Рашидовна Насырова және Наталия Александровна Белякина балаларды қызықтыра және әдісін таба біле музыка және кескіндеме әлеміне шақырды.

Музыкада, сәулет, бейнелеу өнерінде көптеген орта ұғымдар мен анықтамалар бар. Сызықтар, суреттеу құралдары, экспрессия, үйлесімдік, перспектива, көлденең және тік… Бұлардың бәрі осы өнерге тәң мәңге толы.

«Мына жұмыс Сергей Калмыковтікі. Ол импульсивті, түзу емес сызықтармен орындалған» деп жүргізуші баяндауда. Ал енді балалардың өзіне осы барлық процессті сызықтармен бейнелеу ұсынылды: мұражай бойы қозғалысты – алға түзу, оңга және солға, басқыштармен көтерілу, залдар бойы жұру … Олардың әрқайсы ешкімнің суретіне ұқсамайтын өз суреттерін орындап шықты. Әлбетте дұрыс, әрбір шығармашылық – дара. Музыканы, картинаны, мүсінді, сәулет туындыларын орындау және түсіну сияқты.

Жас орындаушылар өлең оқыды. Әлбетте, барлық поэзиялық өлең жолдары музыка, дарын, суретші туралы болды. Орындаушылар: А.Айткалиева, Г.Горемыкин, отбасылық дуэттер Маматкановтар мен Кулышевтер, Саттыбаевтар, Д.Благодатскийлар, А.Токенова, Н.Нурсериккызы, А.Рамазан және музыкалық мектептің үздік оқушылары. Мұражай залындағы көрерменнің негізгі бөлігін құраған балалардың ата-аналары еді, олар өз балаларының жетістіктерін тамашалап мәре-сәре болды.

Осындай бірлескен іс-шараларды Невзоровтар мұражайымен бірге №1 балалар музыкалық мектебі көп жылдар бойы өткізуде. Осы қарым-қатынас үлгісі қызықты және жемісті, музыка және кескіндеме сияқты тепе-тең.