АраласуЖаңалықтарХабарландыру

   Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығын мерекелеу қарсаңында музейде «Бейбітшілік пен еңбек туралы» атты жаңа көрме ашылды. Бұл көрмеде Кеңес заманындағы қазақстандық  суретшілерінің графикалық шығармалары ұсынылды.

   Қазақстан тарихындағы кеңес дәуірі адам өмірінің барлық салаларында жоғары жетістіктермен белгіленген және тәуелсіздікке жету біздің ата-бабаларымыздың бүкіл мәдени-тарихи мұрасын қайта қарауға жаңа серпін берген. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырынан астам уақыт бойы қоғамның игілігі үшін бейбіт еңбек мыңдаған адамдардың санасында басымды бағыт болып қала бермек. Суретшілер осы идеалдарды өздерінің жұмыстарында көрсете білді. Кәдімгі адамдар — құрылысшылар, астық өсірушілер, металлургтер, сауыншылардың күнделікті өмірі — кеңес заманындағы көптеген заманауи және  жетекші шеберлердің шығармашылығында мұқият зерттелген тақырып болды. Бұл белгілі қазақстандық суретшілер К.Баранов, П.Величко, А. Дячкин, Е. Сидоркин, И.Квачко, А.Дроздов, П.Шкурацкий, М.Беляев, Н.Өтепбаев, Ш.Әбдулғаниев, Т.Бажақұповтардың тамаша графикалық жұмыстары. Олардың барлығы біздің өлкеміздің  табиғатының сұлулығы мен еңбек тақырыбына арналған.Көрмеге музей қорынан жиырма бес жұмыс қойылды.