Биыл 14 ақпанда жерлесіміз суретші Бейсекенов Румхан Смаиылұлы 85 жасқа толып отыр.
Болашақ шебер сурет өнерімен бала кезінен құмарланған. Сегіз жыл бойы «екінші үйі» болып келген Пионерлер үйіндегі суретшілер үйірмесіне қатысып В.И. Межинская, П.Т. Мельников, В.Н. Занарин сияқты ұстаздардан білім алған. Болашақ мамандығын таңдауға да ықпалын тигізген сол үйірме болды. 1957-1962 жылдары Р.С. Бейсекенов Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесінде оқыды. Кейіннен ол Омск педагогика институтының көркем графика факультетін аяқтап (1969-1974) жоғары білімді де алды. Өмір бойы Румхан Смаилұлы білім беру саласында, қалалық мектептерде, техникумдарда (политехникалық және жеңіл өнеркәсіптік), Семей педагогикалық институтында, Шәкәрім атындағы СМУ колледжінде қызмет етті. Сол кездердің бәрінде Румхан Смаилұлы шығармашылықпен белсенді айналысып келді. Оның шығармаларының ішінде тарихи, көтеріліс тақырыбындағы картиналар, пейзаждар,портреттер, натюрморттар бар.
1975 жылы суретші кеңес полициясының 55 жылдығына арналған «Әрқашан сақ» атты Алматыдағы республикалық көрмеге қатысқан. 2008 жылы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде дербес көрмесін өткізді. 2009 жылы Өскемендегі облыстық көрменің қатысушысы, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы музейінің 25 жылдығына арналған «Пленэр 2010» көрмесіне қатысқан. 2012 жылы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде жеке көрмесі өтті.
Білімді, талапкер Румхан Смаилұлы әрқашан туған өлкеміздің тарихына қызығушылық танытқан және соның бәрі ол адамның шығармашылық жолында айқын ашылған. Сондықтан болар, жұмыстарының көбі «Ескі Семей» топтамасын ұсынады. Бәріне мәлім революцияға дейінгі қалада көптеген мешіттер мен шіркеулер жұмыс жасаған, кейінгі жылдары қирау тағдырына ұшыраған. Ал автор, мұрағат құжаттарына сүйене, қираған ғимараттардың бет бейнесін көркем жандандырып, сол кезеңнің лебін, сәулетті пейзаждарға қала тұрғындарын, ат арбаларды және тағы да басқа қоршаған ортаны енгізуге тырысқан.
Бейсекенов шығармаларында туған елінің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықты да байқауға болады. 2000-шы жылдары суретші акварель техникасында қазақ халқының «Еңлік-Кебек» аңызындағы ең әсерлі «Айтыс», «Өлім жазасы», «Билер соты», «Айқас» поэмаларын бейнелейді. Акварельдің көкшіл-сұр түсі сюжеттің қайғысын ерекше жеткізді. Суретшінің Красноярск өлкесін аралау кезінде жазылған керемет пейзаждары «Ағаш сәулет», «Ауылдағы қыс». Румхан Смаиылұлы Жаңғыз-Төбеге сапарында «Ауыл еңбегі» топтамасын жазды. Ауыл көшелері, тұрғындардың күнделікті тұрмысы – мұның бәрі автордың шығармаларында бейнеленген. Туған өлкесінің мәдениеті мен тарихына бей-жай қарамайтын көрермендер үшін Румхан Бейсекеновтің шығармалары қашанда қызығушылық тудырады. Олар облысымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлшегіне айналды.