XVII ғасыр — «Голланд кескіндемесінің Алтын Ғасыры» деп аталады. Еуропада ешбір уақытта әртүрлі жанрда осыншама көптеген көркем шығармалар салынбаған. Олардың ішінде ең танымал портрет, натюрморт, тұрмыстық жанр болды. Көркем шығармашылықтың мұндай керемет жайылуы Еуропаның картасын ішінара өзгерткен және тарихтың алдыңғы жоспарына Бюргер-протестанттардың жаңа сословиесін ұсынған саяси оқиғаларға байланысты болды.
Нидерланд буржуазиялық революциясының Испандық үстемдіктен тәуелсіздігі үшін жеңісі нәтижесінде 17 ғасырда құрама провинциялар Республикасы немесе Голланд Республикасы құрылды. Нидерландыда кеңінен таралған кальвинизм, католик шіркеуіне қарағанда, көптеген өмірлік ұғымдарды түсіндіріп, өнерде мүлдем басқа бағдарларды орнатты. Енді суретшілердің туындыларында басты сюжеттер киелі немесе көне кейіпкерлер емес, олардың әрекеттері бейнелетін болды. Голландиялық шеберлердің суреттерінде қарапайым адамдар өздерінің қалыпты тіршілік ортасында бейнеленген. Интерьерлердің ішкі көрінісі ерекше мұқият суреттеліп, күнделікті тұрмыс тіршілікті бейнелеу басшылыққа алынды. Протестантизм өнері буржуазияның мүдделеріне жауап берді және олар тек өздерін дәріптеуді талап етті.
XVII ғасырда кішкентай Голландияда екі мыңнан астам суретші жұмыс істеді. Олар суреттер өндірісін ағынға қойып, кенептерді тұтас партиялармен жасап, оларды сатушыларға тапсыратын. Әрбір шебер апта ішінде екі-бес композициялық суреттер салатын. Қалған жанрлармен қатар, портрет жанры да танымал болды.
Музейдің батыс еуропалық кескіндеме залында белгісіз Нидерланды суретшісінің қара түске киінген ханымның портреті ілінген. Шебердің міндеті ханымның ішкі әлемі мен тәжірибесін жеткізуден гөрі, оның байлығын көрсету болды. Суретші киімнің бөлшектерін: матаның өрнегін, манжеттердегі шілтердің өрімін, ханымның қолындағы қол орамалындағы алтын жиегін, шашыраңқы жағаның қатпарларын мұқият салады. Ол модельдің байлығы мен мәртебесін айқындау үшін оны қара киімде бейнелейді. Массивті шынжырлы бау белінен төмен түсіп тұр. Оған кілттер немесе әмиян ілінуі мүмкін. Бейтарап фон көрерменге қиялдауға себеп бермейді. Барлық жұмыс ұстамдылық пен инабаттылық идеясына бағынады.
Суретші ұрпақтарына ханымның атын қалдырмады, бірақ туындының жасалған күні мен оның нақты жасын көрсетті. Сол жақ үстінде ол Anno Domini 1632 (1632 жыл Рождество Христово-дан) деген жазу қалдырған. Оң жақ үстінде басқа жазба бар- Aetatis Suae 51 (51 жас). Суретшінің әйелдің жасын нақты қандай мақсатпен көрсеткенің айту қиын. Мүмкін, бұл өлгеннен кейін салынған портрет немесе шеберге үнемі тапсырыс беретін топтамадағы кезекті портрет, өйткені ол жылдан-жылға бір отбасына қызмет көрсететін.
Төрт ғасыр өтті. Мемлекеттер құрылып-құлдырап, билікке билеушілер келіп-кетіп, құндылықтар мен мұраттар өзгеріп жатқан заман, бірақ бұл өзгерістердің барлығы портретінің қасынан өтіп жатқан адамдардың тізбегіне байсалдылықпен қарап отырған келбетті ханымның назарынан тыс қалып жатқан сияқты.
Материалды ғылыми қызметкер Ирина Рекида дайындады.