Жаңалықтар

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы музейі — көпшілік білетін және жақсы көретін орын. Көбінесе музей қызметінің аясы ғимараттың шегінен шығып жатады. Көшпелі дәрістер, шеберлік сабақтары, көше акциялары — таныс іс. Бірақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы кезекті іс-шара сәл өзгеше форматта өткізілді. Бұл шеберлік сабағында музей ұйымдастырушы және көмекші рөльді атқарды. Орталыққа келушілер өз қолдарымен әртүрлі заттар жасауды ұнатады. Бұл жолы қаладағы танымал сәндік-қолданбалы өнер шебері шеберлік сыныбының қатысушыларын балшықпен жұмыс істеуге және қазақ музыкалық аспабын сазсырнай жасауға шақырды.

Фарида Сүлейменқызы сәндік-қолданбалы өнердің түрлі – киіз басу, папье-маше техникаларында жұмыс істейді. Керамика, саз балшықпен жұмыс – оның жұмысының бір бағыты. Ол әр түрлі формадағы керамикалық бұйымдарды жасайды, әдеттегі дәстүрлі сарынға өзінің көзқарасын қосады, ұлттық бейнелерді жаңа заманның объективінен өткізіп, нәтижесінде түпнұсқа авторлық композициялар шығарады. Сазсырнай жасау техникасында ол ерекше шеберлік пен кемелдікке қол жеткізді. Оның есімі қазақ даласының әуенін жеткізе алатын ұлттық музыкалық аспаптардың бірі — сазсырнай жасау шебері ретінде үш тілде (2023 ж.) шығарылатын «STEPPE PRODUCTS» ұлттық өнімдерінің халықаралық каталогына енді.

Музей қызметкерлері өз тарапынан Фарида Сүлейменқызын осындай ересек аудиторияға шеберлік сабағын өткізуге шақырды.

Алған әсерлері көп болды. Керамикалық шығармашылық барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға көптеген жағымды сәттер сыйлады. Барлығы да өз қолдарымен сазсырнай жасау процесіне қатысып, үлкен қуанышқа бөленді. Орталық әкімшілігі, оның келушілері шеберлер мен музей қызметкерлеріне көптеген жылы ризашылықтарын білдірді.