Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында жаңғырудың жаңа шарттары көзделді: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау». Мәдениет саласын жетілдіруге бағытталған жобалардың бірі «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы. Жоба қазақстан мәдениетінің озық үлгілері мен жетістіктерін таныстыру арқылы еліміздің танымалдылық дәрежесін кеңейтуді көздейді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстанның бейнелеу өнеріне арналған бірнеше дәрістер әзірленді.
Невзоровтар музейінің қызметкерлерімен 12 желтоқсанда өнер мектебінің оқушылары үшін Қазақстан Халық суретшісі, Айша Ғалымбаеваның (1917-2008) туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шара өткізілді. Айша Ғалымбаева қазақ суретшілерінің аға буын ұрпағына жатады. Олардың есімдері қазақ өнерінің тарихына алтын әріппен жазылып, ұлттық мектептің іргесін қалаушыларының бірі болып алтын қорға енген. Балалар оқылған баяндамадан алғашқы суретші-қазақ қызының қызықты өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәліметтермен таныс болды. Айша Ғарифқызы қазақ ұлттық натюрморттын негізін қалаушысы болып саналады. Бейнефильмдерден үзінділер көрсетілді. Экскурсия барысында балалар музей қорынан Айша Ғалымбаеваның өзі сыйлаған үш картинасымен танысты.