АраласуЖаңалықтарХабарландыру

   «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар  ұлт боламыз десек, әлем біздің мәдени жетістіктерімізбен тануы керек»

             Н.Назарбаев.

   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  жас ұрпақты мәдени мұраға араластыру үшін ұсынылған жобалар арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі.

   Невзоровтар отбасы атындағы музейдің көркемсурет студиясы оқушыларының  залдағы туындыларға қолжетімділігі бар екендігі ешкімге де құпия емес. Өнердің түпнұсқасын көру ынтасы оянған сәтте–ақ,  олар сабақ үстінде барып таныса алады.  Педагогпен музей залдарында өтетін әңгіме сабақтар  туындымен танысуды  ғана емес, ол туындыны жасаған шебер тұрған уақыт пен дәуірді де қамтиды. Кезекті сабақ үстінде студия оқушылары   ұлттық әйелдер, тұрмыстық бұйымдар, қажетті тұрмыстық керек-жарақтар жасайтын зергердің еңбегімен танысты. Қазақстан бейнелеу өнері мектебінің негізін қалаушыларының  шығармашылығымен жақын  таныса алды. Олар: Ә. Қастеев, А. Ғалымбаева, С. Мамбеев, К. Шаяхметов. Семей қаласының  һас суретшілерің қылқалам бейнелеу туындылары арқылы біздің қаланың бейнелеу өнері тарихымен жаңаса алды.  Өнер бастауында В. Белослюдов, В. Книжников, И. Ивачев, В. Колмаковтар тұрды.  Бірте-бірте қала баршаға белгілі, талантты жастар орталығына айналды.  XX ғасырдың  50-60-шы жылдардағы  суретшілер: А.Д. Несина, В.В.Сухов,  В.Ф. Шин, В.И.Третьяков, М.М.Беляев, Н.И Яковлевтер портрет және сүйікті пейзаж жанрында жасаған жұмыстары арқылы біздің қаламыз және оның тұрғындары қандай болғанын,  және өткен тарихын жеткізе алды.

   Студия оқушылары  тамаша туындылардың төлтумалары  арқасында біздің қаламыз  және  Қазақстан  бейнелеу өнері дамуы тарихының кішкентай бөлігіне болса да жаңаса алды.  Шын мәнінде, қаламыз бен мемлекетіміздің тарих парақтарын зерттеу,  біртіндеп, тынымсыз еңбек етуді және терең зерделеуді талап ететін мәселе.