Жаңалықтар

1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарынан Еуропаның 10-нан астам мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған адам зардап шекті. 1986 -1992 жылдар аралығында апат салдарын жоюға  одақтың түкпір-түкпірінен, ал Қазақстан жерінен 35 мыңнан астам адам әкелінді. Солардың ішінде өзіміздің батыр жерлестеріміз де болды. «ЧАЭС ардагерлері және батырлар ұрпақтары» қоғамдық бірлестігінің басшысы Наетов Алмабек Қарабаевич бастаған бір топ Чернобыль апатына қатысушылар музей қонағы болды. Қаламыздағы № 21 орта мектептің жанынан ашылған 20 жылдық тарихы бар музей ұйымдастырушысы Аян Сыдықбайұлы да осы тақырыптағы өз жұмыстарымен бөлісті. Олар 35 жыл бұрын  тарихта қаралы күн болып жазылып қалған бұл оқиғаны естеріне ала отырып, заманымыздың тыныш болуын тіледі.