АраласуЖаңалықтарХабарландыру

Оюлардың сыры.

   2018 жылдың  14, 15 ақпан күндері  Невзоровтар музейінің қызметкерлері «Рухани  жанғыру»  бағдарламасы аясында  №31 орта білім беру мектебінің оқушыларына,  келесі тақырыпта: «Қазақ ұлттық ою-өрнек құпиялары»   аралас техникада  шығармашылық тренингтер өткізді.

   Шығармашылық сабақ өткізу  алдында балалар  «Ою-хан мен Жою-хан» туралы ертегі көріп,   «Сиқырлы өрнектер» атты слайд-презентациямен танысты. Олар өз бастауын ерте заманнан алатын ұлттық ою-өрнектердің шығу тарихымен,   қазақи  ою-өрнек ерекшеліктері және   мағыналық семантикасымен таныса алды. Сабақ үстінде алынған  білімдер негізінде әр бала музей қызметкерлерінің басшылығымен, түрлі материалдарды пайдалана отыра, өз «сырмақтарын» жасады.  Соңынан өздері жасаған  қолөнер бұйымдарымен таныстыру рәсімін жүргізді.

   Бұл тренинг тек танымдық сипатты ғана білдіріп қоймайды, ол балалардың қиялын оятып, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді,  қағазбен, матамен жұмыс жасау  дағдыларын қалыптастырады және қолының ұсақ моторикасын дамытады.