Михаил Пауцкиймен өнер сүйер қауым клубында кездесу
Өнер уақытты бейнелейді, қоғамдағы өзекті құндылықтарды көрсетеді, белгілі бір философияны жариялайды. Бірақ қазіргі заманғы өнер, жаһандық цифрландыру аясында, кейде шындықты білу тәсілінен тәуелсіз таным субъектісіне айналады, машинаның жасанды интеллектісі орынды әрекетке қабілетті болған кезде, «нейрожелі» және шын мәнінде жансыз машина өзінің көркемдік бейнесін жасайды. Алайда, қаншалықты көркемсуреттік?
Қазір суретші өнерде қандай рөл атқарады? – деген сұрақ туындайды. Шығармашылық, адами және жансыз, механикалық, бағдарламалық жасақтама арасындағы шегі қайда?
Дәл осы адам мен машинаның шегінде цифрлық өнер өз қолданысын тауып тұр. Оның өз тарихы, корифейлері және ізбасарлары бар. Джон Уитни, Энди Уорхол, Роберт Раушенберг – оның әлемге әйгілі өкілдері. Бізде де өнердің цифрлық бағытын ұстанған көптеген суретшілер бар, олардың бірі – Михаил Пауцкий. Бұл кездесу – өнердің жаңа түрін теориялық және эмпирикалық танудың бір түрі. Мұнда дәріс шеберлік сыныбымен біріктірілді және дәріскер, музей қызметкері Неделькина Наталья цифрлық өнердің не екенін, оның айналадағы объективті шындықтан қалай пайда болатынын және бұл шындықты қалай өзгертетінін түсіндіруге тырысты, ал суретші Михаил Пауцкий өзінің смартфоны мен планшетін пайдаланып, көрермендердің көз алдында бірнеше туындылар жасады.
Наталья Неделькина осы кездесу жөнінде өз ойын білдірді: «Кездесудің басты ойы – өнер, қандай болмасын, адамның туындылары арқылы әлемді тану. Қоршаған орта адамның қабылдауын өзгертеді, ал адам айналасындағы әлемді өзгертеді. Өзі құрған жаңа виртуалды шындық – бұл біз қазірдің өзінде тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп жатқан тағы бір әлеуметтік және мәдени топтар. Бұл әлем дәстүрлі өнерге деген көзқарасын кеңейтіп, өзгертеді, ал дәстүрлі өнер цифрлық өнерге әсерін тигізеді».
Қазіргі заманғы өнердің дайын жауабы жоқ, ол әр уақытта көптеген жаңа сұрақтарды туындауына себепші. Оларға жауаптарды өз бетінше немесе біздің клубқа жиналатын ойшыл және ынталы адамдар қауымдастығында табуға болады. Ақиқатты табу одан да қызықтырар еді.