Жаңалықтар

Аман Мұқажан: «Мен өнермен жеңіс үшін шұғылданбаймын, бірақ өзімді шыңдау үшін айналысамын».

Уәде етілгендей, Невзоровтар музейінде сұлулықпен, құпиялықпен, таңғажайып әлемімен таңысу орын алды! Осында «Дала аңызы» көрме вернисажы өтті- оның авторы Алматыдан келген, Қазақстан суретшілері, дизайнерлер және қолөнершілер Одағының мүшесі, Фаберже Орденінің иегері біздің жерлесіміз Аман Мұқажан. Суретшіні таныстыру – оның өнерге деген тағзымы, авторлық ерекшеліктері, тақырыпқа ұқсамайтындығы, ол туралы тек жақсы сөзді талап етеді. Осы көрме вернисажына қатысушылар өздерінің алғы  сөздерінде автор туралы толымды ойларын білдірді.

Т.А.Стромская- Музей директоры: «Ғасырлар бойы көшпенді халықтың шеберлері табиғи материал-күмісті жоғары тұғырға шығарған. Ал, шебер Аман Мұқажанның «алтын қолдары» күмісті оның қолөнеріне айналдырды. Оның қолынан шыққан бұйымдар ғажайыпқа толы. Осы шебердің туындыларында қуану, мұңаю, құпия жасырылған… Өйткені, бұл құбылыстар әйелмен байланыстырады».

Ш.Ж.Тоқтабаева- Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, ғылыми тарих докторы: «Аман Мұқажанның шығармашылығы – ғажайыптар әлемі. Өйткені, ол бүкіләлем сияқты жан-жақты, терең, кең көлемді. Оның өнерін сүйетіндер және қалаушылар ұзақ уақыт бойы таң қалуға, зерделеуге, қуануға дайын… Сонда да олар, оның бұйымдарында жасырылған құпия белгілер мен таңбалардың сыр қырына жете бермейді».

Г.Е.Макаров- Суретші, бейнелеу өнері және сызу кафедрасының профессоры: «Мен, бұрыннан осы танымал шебер зергер, суретші, мүсінші Аман Мұқажанның шығармашылығымен таныспын. Біздің университет, біздің қаламыз осы жерлесімізбен мақтанады. Ол өз елін, өз жерін, өзінің дарынымен, еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен, жоғары мәдениеттілігімен танытуда. Мен, бүгін оның атын әйгілі еткен туындыларымен танысатыныма өте қуаныштымын».

Ерекше сәт, әрине шебердің жұмыстарымен танысу кез болды. Екі жүз қырық тамаша туындылар арасында – бағалы тастармен әшкейленген күміс және алтыннан жасалынған бұйымдар, инсталляциялар, көркем кескіндеме және графика туындылары кездеседі. Көрермендерді таңғалдырған көрме болды. Бір күнде көріп біту, көңілге тоқу, сүйсіну мүмкін емес. Шебер осы мақалаға тақырып болған сөздерді өзінің шығармашылық ұстанымы ретінде еткен. Әлбетте, әрқашан жеңімпаз болу мақсат емес, тек өз өнерін шыңдау ғана… Ол 35 жыл бойы шығармашылық жолында, алдыңғы шепте. Көрермендерді өзінің ішкі сұлулығымен, дарындылығымен жеңіп келеді. Өнерді туындататын тек суретші. Өнерді сүйетін — әрбір адам.