Жаңалықтар

   Шөптің иісі анқып тұр. Семіз, қалың және сабалақ жүнді, жайбарақат күйіс қайырып жатқан қойлар. Олардың жанында тыныш жатқан қозылар. Малдың оттығы толы. Бір жақтан жарық түсіп тұр. Жоғарыдан түскен жарық қабырға қасындағы жерді қоса ала отыра, қойлардың жүнің жылтыратып, шөптерді  алтын түске бөлеп түр.  Тыныштық….  Ауада сирек дыбыстар ғана естіледі. Тек қой қозғалған сайын астындағы сабанның сыбдыры, даладағы иттің үргені немесе шыңжырдың сылдырлауы ғана естіледі. Жылы және тыныш. Сіз сол тыныштықты сезінгендей боласыз.… Ал Сіз оны сезінесіз бе? Сіз де сол қора ішіндегі дыбыстарды естіп және шөптің иісін сезіп тұрсыз ба? Жоқ? Мүмкін емес? Тоқтаңыз. Бір сәт айналаңыздағы әуре-сарсаңнан арылыңыз… Бойыңызды еркін ұстап, айналаңыздағы тыныштықты естіп-сезінуге беріліңіз. Сіздің алдыңызда 1891 жылы атақты голланд шебері Дирка Локхорстпен жазылған картина.

   Дирк ван Локхорст – анималист-суретші. Ол Утрехте дүниеге келіп, Йоханнес-Варнардус Бильдерстен (Johannes Warnardus Bilders) және анималист-суретші Альбертус Верозенен (Albertus Verhoesen) оқыды. Өз шығармаларында Локхорст көбінесе үй жануарларын, негізінен сиыр мен қойларды бейнелейді. Ол оларды жиі табиғат аясында немесе мал қора ішінде суреттейді. Осы картина біздің музей жинағы қоры сақтамында. Оның жұмысы барынша шынайы, бұл ретте артық нақтылауларды қажет етпейді.  Локхорсттың картиналары әлемнің көптеген жетекші музейлерінің қорында сақтаулы.

   Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері Ирина Рекида.