Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өнер сүйер қауым клубының кездесуі
Әр екі апта сайын сенбі күні Невзоровтар отбасы музейінің қабырғасында өнер сүйер қауым клубының кездесулері өтеді. Бұл кездесулердің тақырыбы әртүрлі. Бірде шеберлік сабағы, бірде көрме туралы әңгімелесу, бірде музыкалық қонақ бөлмесі, бірде ұлы суретшінің шығармашылығы туралы дәріс оқу. Бүгінгі кездесу білім беру, өнертану жағынан маңыздылығымен ерекшеленді. Себебі мұнда клуб мүшелері пуантилистерді дивизионистерден ажыратудың қыр-сырымен танысты.
Бірақ бұлар қандай суретшілер және олардың айырмашылығы неде? Ең алдымен, екеуі де нүктелермен жазды делік. Бірақ бұл әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін. Бір түс шегінде қалып, оның реңктері мен қарқындылығымен жұмыс істеуге болады немесе әртүрлі түстерді алуға болады. Сонымен, дивизионистер әртүрлі, таза түстерді алып, араластыру арқылы механикалық емес оптикалық болып шығатын түстерді ақ кенеп бетіне түсіреді. Олар әдеттегідей бояуды палитрада араластырмайды. Бұл процесс көрермен көзінің қарашығында өтеді. Яғни, бұл суретшілер түс заңдылықтарын терең зерттей отырып, күрделі түстерді таза түстердің нүктелеріне бөлу ережелерін іс жүзінде қолданған. Осы түстер көру қиялы арқылы біріктіріле отырып, кенеттен басқа түс береді. Бұл керемет емес пе? Сиқыр емес пе? Түстерді дәл осылай бөлгені үшін оларды дивизионистер деп атады.
Сёра, Синьяк, Писаро – бұл есімдер көптеген адамдарға, тіпті өнерге қатысы жоқ адамдарға да таныс. Бірақ олардың дивизионист суретшілер екенін аз адамдар біледі. Бұлар суретші-ғалымдар, суретші-сиқыршылар. Олардың есімдері дәрісте айтылып, суреттері талқыланды. Бұл қиын болды ма? Мүмкін иә. Бірақ өнерді қабылдау тек эстетикалық ләззат емес. Бұл ақыл-ой және рухани жұмыс, ал көрерменнің білімі неғұрлым терең болса, соғұрлым оған көркем шығарманың құпиялары ашылады.
Теориямен танысу экскурсиямен бекітілді. Дәріскер Н.С. Неделькина клуб тыңдаушыларын экспозиция залдарындағы Павел Зальцманның жұмыстарымен таныстырды, оның шығармашылығы мысалында пуантилизм мен дивизионизмнің жекелеген ерекшеліктерін аайқындауға тырысты, соңында Наурыз мерекесі күндері музейде ашылған «Ғасырлар сыр шертеді» атты жаңа көрме туралы айтып берді.
Тыңдаушылардың дәріс пен экскурсиядан алған әсері қандай болды?
«…Наталья Сергеевна, клубтағы бүгінгі кездесу үшін көп рахмет. Мен бүгінгі дәрістен көп нәрсені білдім. Дәріс танымды әрі қызықты өтті. Жақсы бонус музейде өткен экскурсия болды. Бос уақытымды тиімді өткіздім!» (Сафарбекова Лия).
Қазір музей қызметкерлері жаңа кездесу дайындауда. Қандай тақырып немесе қалай өтеді — әзірге құпия. Бірақ қызықты болады, бұл сөзсіз!