Жаңалықтар

Қалай болғанда да, өмірден жақсы адамдар ерте озады. Олар арттарынан жарқын із қалдырып, жүректерде жақсы естелік болып қалады. Артында қалған жақындарына мәңгі өкініш пен сағыныш болып қалады. Көзінің тірісінде айта алмаған немесе жасай алмаған істерді жасағың келеді… Біздің қалмызда музыкант және суретші,  бір сөзбен айтқанда аса дарынды дарынды ақкөңіл  адам Олег Алексеевич Ратушнов өмір сүрді.

Ол Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінде жұмыс істеді, “№6 Палата” тобында бас-гитарада ойнады, өнер көрсетті, кейін дыбыс жазу студиясында, балалар мен жастардың шығармашылық сарайында жұмыс істеді. Ол адамның бойында қай талантының басым болғандығын айырып айта алмаймыз.. Дарынды жан бес жыл бұрын, 2017 жылдың 25 қарашасында күтпеген жерден өмірден озды. Олег тірі кезінде “худграф” түлектері туралы кітап жасауды армандаған. Енді, жылдар өткен соң, оның досы Сатбек Кәрібжанұлы Ракишевтің арқасында бұл арман орындалды.

“Суретшілер-ерекше адамдар. Олардың денелері жерде болса, санасы – ғарышта ” –  деді суретшінің досы. Олег Ратушнов шынымен де ерекше, ғарыштан келген адамдай болатын. 2022 жылдың 26 желтоқсанында Невзоровтар отбасы музейінде өткен  Семей педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетінің түлектерінің кітап-вернисажы осы адамға арналады. Кітапта он екі факультет түлектерінің жұмыстары ұсынылған, олардың бірі Олег Алексеевич Ратушнов болды. Оның беттерінде суретшілердің суреттері, олардың досы, әріптесі туралы естеліктері, өлеңдері бар.

Тұсаукесерде көптеген жылы сөздер, көптеген жылы естеліктер айтылды. Жақын адамдар, достар, әріптестер және ансы сөй алды. Баласының артында қалу ана үшін таусылмас қайғы. Бұл кітаптың Валентина Павловна үшін, суретшінің әпкесі мен оның қыздары Арина мен Ульяна үшін қаншалықты маңызды екенін бағалау қиын, олар да ағасы мен әкесін тамақтарына тірелген көз жасымен еске алды.

“Бұл кітаптың пайда болуы-менің ұлыма деген мақтаныш. Баласынан айырылған ана үшін бұл күн мәңгілікке созылады. Бұл кітаптың пайда болуымен мен ұлыммен көбірек өмір сүремін. Мен оның қыздарының жұмысын жалғастырғанына қуаныштымын. Мен Сатбекке және кітап жасауға қатысқан барлық адамдарға ризамын.

Музей атынан Сатбек Карибжанович Ракишевке және осы кітап үшін еңбектенген барлық қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз.