Көп жылдар бойы Невзоровтар отбасы атындағы музейі біздің қаламыздың мәдени өмірінің маңызды оқиғалары ретінде танылған, өзіне өнердің түрлері мен бағыттарын қамтыған әр түрлі көркем жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Осындай іс-шаралардың бірі Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы болды! Өкінішке орай, биылғы жылы ол «online» режимінде өтеді, бірақ «музей түні» өзінің қызықтылығын жоғалтпайды.
Біздің жадымыз — бақыт пен керемет естеліктер сақталатын жұмбақ «шатыр». Біз Сіздердің барлықтарыңызға, біздің қымбатты қатысушыларға, көмекшілерімізге және сүйікті көрермендерімізге, біздің бір де бір іс-шарамыз Сіздерсіз өтпегендерге, бізбен бірге жақында өткен керемет уақиғаларға қайтып оралуды ұсынамыз! Бейнежазбалар, фотоматериалдар, жадымыздың түкпірінде сақталып қалған сезімдер арқылы «Невзоровтар музейінің түндері» атты ең керемет оқиғаларды еске түсірейік!
Бірақ биылғы «Невзоровтар музейі түні 2020» тек «біздің жадымыздың естелігі бойынша» экскурс жасау ғана болады екен деп ойлап қалмаңыз. Біз әрине, Сіз үшін тосынсый дайындап қойдық. Ол Сіздерге, біздің достарымызға керемет көңіл-күй сыйлап, рухтың сергектігін арттырып, біздің қаламыздың өркендеуіне және бізге Бақыт құсын сыйлайтынына сенеміз!!! Белгіленген күн мен сағатта шытырман оқиғаның сыры ашылады…
Сіздерді 21 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін әлеуметтік желілердегі музей сайтында күтеміз.