Дулат Қапбарұлы Әлиев — танымал қазақстандық суретші-кескіндемеші. Суретшілер Одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кітап графикасы саласындағы Абай атындағы сыйлықтың және Тәуелсіз Жалпыұлттық «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
Дулат Әлиевтің образдық көркемдік тілі күрделі жағдайлардың қарапайым шешімдерін табу қиынға соғатын қазіргі уақыттың жаңғырығы ретінде жан-жақтылығымен және көпқырлығымен ерекшеленеді. Суретші өзінің замандастарының, қарапайым адамның ішкі әлемін, оның ойларының тереңдігің және арманының байлығын беру үшін тек өзіне ғана тән, ықшамды суреттеу құралдарын табады. Суретші қазақтың ұлттық дүниетанымының дәстүрлерін әлемнің жалпыадамзаттық, астарлы көріністерімен тығыз байланыстыра отырып, терең философиялық сарынды полотнолар жазады.
Суретші өзі және өзінің шығармашылығы туралы: «Мен өзімнің суреттерімде басқалар сияқты жиһангезбін. Живопись мен үшін өмірді тану құралы. Суреттерімнің негізгі кейіпкері – адам. Мен оны жақсы көретіндігімді сезіндім» дей келе өз өнерінің біртумалығын танытады. Суретші өзінің классикалық кумирлері — Брейгель, Босха, Рембрандттың композициялық сызбаларын пайдалана отырып, сырахана алдындағы кезектерді және автобустағы итермелесуді, қалалық саябақтардағы демалыс сәттерді, көк базардағы демалу көріністерді, қалалық отбасы және студенттер жатақханадағы өмірді бейнелеген бірінші қазақ урбанистерінің бірі болып табылады.
Сексенінші жылдардағы суретшілердің шындықты іздеудегі ең күрделі туындыларына жазылған музей жинағындағы «Базар» картинасы «Отандастар» атты ортақ атаумен біріктірілген Д. Әлиевтің шығармаларының тұтас циклының органикалық бөлігі болып табылады.
Бір қарағанда, біздің алдымызда қарапайым адамдардың қарапайым өмірі. Композициялық сюжетінің өзі де әсем, тіпті сәл ала-құла түсті гамма да өз істеріне асығып бара жатқан қала тұрғындарының қарапайым және қиын-қыстау кезеңдерінің ырғағын сезінуді береді. Суретке бір үңіле қарағанда, ешқандай артық сезімдерсіз, әдеттегі қарапайым күндердің бос әурешілігін жеңуде өтетін, өмірдің шексіз үмітсіздігінің мүлдем басқа мағынасы ашылады. Суретші, керемет байқағыштығының бір қырын көрсете отырып, әр адамды бет әлпетсіз — қимыл, қозғалыс, пластика арқылы жеке-жеке сипаттайды. Ол оларды жеке даралығынан айырады, жалпы абристегі фигуралардың біріндегі маңызды сипатты шиеленістіреді.
Дулат Қапбарұлы 1948 жылы Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. Дарынды суретші И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында білімін жалғастыра отырып, Ветрогонскийден тәлім алды. Алматыда 1977 жылдан бастап жұмыс істейді.