Экскурсовод болу қандай?
Бұл сұрақты қанша адам қояды? — Ішінара! Бірақ бұл қызықты мамандық, оның тіпті өз мерекесі бар — 21 ақпан, экскурсоводтар күні. Бұл күні Абай облысы, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің балалар көркемсурет студиясының оқушысы Екатерина Логвиненко музей экскурсоводының рөлін сынап көру мүмкіндігіне ие болды. Өз группаластарына- университетке дейінгі дайындық тобының студенттеріне ол пейзаж деген не, пейзаж бейнеленген кескіндемені қалай түсініп тамашалауға болатынын және он алтыншы залда орналасқан орыс өнері экпозициясындағы суретшілер жайлы айтып берді.
Катя, экскурсиядан қандай әсер алдыңыз? Сізге экскурсия жетекшісі болу ұнады ма
– Невзоровтар музейінде экскурсия жүргізу менің алғашқы да өте қызықты әрі құнды тәжірибем болды. Бұрын мен өзімді осы салада сынап көруді ойламаппын, бірақ ұсыныс түскенде мен бірден келістім — және таң қалғаным, бұл маған қатты ұнады. Дайындық барысында мен жалпы өнер туралы да, Ресейдің атақты суретшілері туралы да көптеген пайдалы ақпараттарды біліп, ой-өрісімді кеңейтіп, өнертану туралы білімімді тереңдете түстім.
Экскурсия жетекшісі Катямен танысқысы және музей залдарын тамашалағысы келетіндердің барлығын осы бейнероликты көруге шақырамыз!