АраласуЖаңалықтар

   Барша ұлтты бір шаңырақтың астына жинап  достық, ынтымақ, тыныштықта өмір сүріп жатқан тәуелсіз ел- Қазақстан. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жаһанға аты жеткен, әлем мойындаған мемлекетке айналдық. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері Елбасымыздың ерен еңбектерін халыққа паш ету мақсатында  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер  музейі осы атаулы күнге орай бірнеше іс-шараларды өткерді. Атап айтар болсақ, орыс кеңес заманының көркем кескіндемешісі, график суретшісі, плакат салу, кітап және журналдарды безендіру өнерінің шебері В. В. Лебедевтің «Дәуір, Кітап, Лебедев» атты музей қорынан көркем кескіндеме және графика көрмесі ашылды.

   Сонымен қатар, Семей қаласы тұрғындарына және қала қонақтарына мерекеде  музейде ашық есік күні болды. Қашанда өнерді жоғары бағалайтын халық бұл күніде музейден табылды. Елбасының өмірі мен қызметі, болашақтың дамуына жасалған жоспарлары және Есілге қонған аққудай асқақ жатқан Астана хақында көрерменге «Елбасы – Тәуелсіздік тірегі» атты  дәрісі оқылды, Астананың тамаша ғимараттарынан фотосурет және кітап- журналдардан шағын көрме ұйымдастырылды.

   «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл – ойы мен парасаты екендігі хақ. Елбасымыз Н.Назарбаев «Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратын, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр» дегеніндей мәдениет – рухани мәйек. Осы саналы ойды іске асыру  біздің тікелей міндетіміз деп сенеміз!