Эмили Стил (1860-1913). Луиза-Мери Латимердің портреті.
Бұл жұмбақ-портрет 2011 жылы музейге жеке коллекциядан түсті. Автордың аты мен қыздың аты-жөні бізге жұмыстың артқы жағында бекітілген кішкентай жапсырмадан белгілі болды. «Луиза-Мери Латимер. Род. 15.10, умерла 7.12.43. Этот портрет, написанный её кузиной Эмили Стил был вывезен в Сидней в Австралию Поппи Уолш, урождённой Стил в 1874 году. Передан дочерью Поппи, Гвен Шелли, племяннице Л.М.Л. Хелен Маккензи Эдвардс в Сиднее 24.3.52».
Луиза-Мери Латимер 1860 жылы Ирландияда, Ферман графтығында дүниеге келген. Ол үйде білім алып, өте дарынды суретші атанды, өйткені осы портретті жазу кезінде оның жасы небәрі 16 жаста ғана болды. Жас суретшінің шеберлік дарындылығы модельдің көңіл-күйін жеткізе алды. Қыздың бетінің шырайы, сенімді, қадалған көзқарасы оның қайсар мінезі мен көп қасірет тартқан жан екені туралы айтып тұр. Осы жұмыс бойынша жүргізілген зерттеулерден Луиза-Мери Латимер, суретшінің бөлесі, Калькутта, сауда кемелерінде жүзген теңізшінің бай емес отбасында дүниеге келгендігі белгілі болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін отбасы өмір сүруге қаражатсыз қалып және Ирландияға қайтып келуге мәжбүр болды. Бұл қыздың басына түскен көптеген қиындықтарды жете түсіну қиын, бірақ нақты орындалған портрет бізге оған деген қамқорлық пен құрмет сезіміне бөленуге мүмкіндік береді.
Мақаланы дайындаған музейдің ғылыми қызметкері Ирина Рекида