«Еңбек — қуаныш, жалқаулық — қатыгез қасірет». Бұл Абайдың сөздері. Бір ғасыр бұрын айтылғандай, олар қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Еңбектің құндылығы туралы әр түрлі елдердің және барлық уақыттағы философтары да айтқан.
«Өмір сүру дегеніміз — жұмыс істеу. Еңбек — адамның өмірі». Вольтер. XVII ғасыр.
«Даңқ еңбектің қолында» — деген Леонардо да Винчи он бесінші ғасырда.
Ал 2013 жылдан бастап елімізде қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі. Бұл қуаныш пен өмір күні. Осы мерекеде Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі көрермендерге өз шығармаларын еңбек өмірін, еңбек адамының бейнесін дәріптеуге және мақтап жырлауға арнаған суретшілердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді. Музей сайтында және көптеген интернет-алаңдарда ұсынылған шағын бейнеролик көрермендерді Константин Баранов, Уке Әжиев, Сахи Романов және басқа да көптеген қазақстандық суретшілердің туындыларымен таныстырады.
Бұл видеоның ерекшелігі — экранда ұсынылған туындылар экспозицияда емес, музей қор сақтамында сақтаулы. Өкінішке орай, музейдің барлық бай қорын залдарда көрсету мүмкін емес. Сондықтан тұрақты түрде жүргізілетін «Музей қорынан» айдарының идеясы да пайда болды. Оны қор сақтау бөлімінің қызметкері Сейсембаева Шырын Габдыкаримовна жүргізіп келеді.
Суретшілердің суреттері, олардың шығармашылығы мен көркем қылқалам туындылары туралы қысқа, бірақ көлемді ақпарат Қазақстанның бейнелеу өнерімен танысуға және оны зерделеп-білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, шабыттандырады, жүрек пен жанды жаратылыс қуанышына, өмірдің жылы сезіміне толтырады.