Ертегі кейіпкерлерінің арасында
Невзоровтар отбасы атындағы музей қаламыздағы № 3 көздері нашар көретін балалардың мектеп-интернаты және №5 арнайы мектеп-интернаты оқушыларына шығармашылық сабақтар ұйымдастырылды. Балалар торлау және квиллинг техникасын меңгеріп, ертегілер туралы әңгімелесті.
Ал, ертегі деген не? Ол не үйретеді? Балалар көне ертегілерді жақсы біледі ме? Кейіпкерлерді тани алды ма?
– Пияз қандай ертегіден? Дұрыс, «Чиполлино»!
– Ал қолшатыр ше? Мэри Поппинс туралы ертегіні кім есіне алады? Сондай-ақ, “Қызыл гүл”, “Ұшатын кеме” және тағы басқа да ертегілер болды.
Сонымен, сұрақтарға жауап бере отырып, балалар контурлық суреттерді қарап, жұмысқа кірісті. Бірақ, бір зат жасамас бұрын, техниканың өзін де үйрену керек. Квиллинг дегеніміз не? Ал, торлау дегеніміз не? Ол үшін қандай құралдар қажет? Үлгі бойынша қалай жұмыс істеу керек?
Бұл сабақтарды жүргізген бөлім қызметкерлері Ғалия Сарсембина мен Юлия Сивашова болды. Балалар өздерінің ертегі кейіпкерлерін жасап, оларды аналарына, әкелеріне, ата-әжелеріне сыйлау үшін үйлеріне алып кетті.
Осылай ертегі әлеміне бір саяхат жасалды!