Музей қорынан Қазақстан Республикасы күніне арналған көрме
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ол ҚазССР егемендігін жариялап, тәуелсіз мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін белгіледі. Бүгін біз бұл күнді «Қазақстан Республикасының күні» деп атап өтеміз. Бірақ бұл әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді?
Республика күні – елдің саяси өмірінің күнтізбесіндегі оқиға ғана емес. Өйткені, мемлекет – бұл адамдар және туған жер: таулар, сары дала мен ормандар; өзендер мен көлдер, туыстар мен достар, таныстар немесе жай ғана бейтаныс адамдар, қалалар мен ауылдардың, қалалар мен шағын станциялардың тұрғындары. Бұл өзгеретін, сезінетін, тыныс алатын және ойлайтын жалғыз тірі организм. Бұл күнді Отан ұғымының тереңдігін көрсету үшін оның мәнін түсіну үшін қалай атап өтуге болады?
Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі Қазақстан Республикасы күнін атап өтуге «Ертістің көркем бояулары» атты көрмесін ашады. Мұнда жерлес суретшілердің суреттері – үйіміз, туған Ертіс және жүрекке жақын пейзаждар. Көрмеде көпшілікке таныс есімдер – Т. Р. Жуванышев, Т.А. Татиев, В.И. Третьяков, Е. В. Сухов, Н. И. Яковлев, Семей, Өскемен суретшілері қамтылды. Жалпы Ертіспен таныс адамдардың бәрі осы жерге және оның көгілдір аспанына ынтызар.
Көрермен аспанның көгілдір бейнесінің су айдыны бетінде жеңіл толқындармен бұлдырлауын, су басқан ағаштар мен бұталар көрінісін Ғұмар Макаровтың «Ертістегі су тасқыны» жұмысында көре алады. Суретші су басқан жағалауда, дымқыл шөптер арасында, қылқаламын жеңіл және нақты сермеп жылы күннің шуақтарын асыға бейнелеп тұрғанын сезінуге болады. Ал, Талғат Татиевтің «Алғашқы қар» картинасында Ертіс өзені өз суларын қысқы суық мұз құрсауынан, алғашқы қар басқан жағалаулар арасынан, аса алыс емес жерде бой көрсетіп тұрған қалалық ғимараттардан, алыстан әрең байқалатын теміржол көпірінен ала қашып бара жатыр.
Әр сурет махаббатпен, адамдар мен жер өмірінің бірлігінен тоқылған. Біздің Республикамыздың, біздің үйіміздің, біздің Отанымыздың күнін атап өтудің ең нәзік, жантебірентілік тәсілі болуы мүмкін.