Невзоровтар отбасы атындағы музей залдарында Жеңіс Күніне арналған музей қорынан «Есте мәңгі сақтау үшін…» көрме ашылды. Бұл «ашты мұңды» мереке біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін қан төккен жерлес — ардагерлердің ерлігін еске түсіру күн.
Көрме залдарында біздің қаламыздың суретші-майдангерлері: М.М. Беляев, Г.Т. Шереметьев, В.А. Христолюбов және Н.И. Яковлевтердің жұмыстары қойылған. Олардың әрқайсысы Қазақстанда туып өспесе де, олардың әр қайсысы соғыс жолдарынан өтіп, өмірлік мән-жайға байланысты біздің қаламызды екінші мекендері еткен. Олар өз шығармашылығымен өлкеміздің көркем өмірінің дамуына зор үлестерін қосты.
Михаил Михайлович Беляев (1925-2007) Алма-ата әскери жаяу әскер училищесін аяқтағаннан кейін майданға десанттық әскерге аттанады. Венгрия және Чехословакияны фашистік басқыншылардан босату бойынша жауынгерлік операцияларға қатысады. Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталады. Соғыстан кейін Одесса көркем училищесін бітіреді. Семейде Көркемсурет қорының көркемдік-өндірістік шеберханаларында жұмыс істейді.
Николай Иванович Яковлев (1927-1985) соғыс кезінде 14 жасар бала бола тұра, қолына қару алып партизандар қатарына кіреді. Ол Псков облысындағы партизан қозғалысының белсенді қатысушысы, 16 жасында Қызыл Жұлдыз Орденінің иегері атанады. Блокададан кейін Яковлев туған Ленинград қаласына оралады, бірақ денсаулық жағдайына байланысты Қазақстанға көшуге мәжбүр болады. Педагогикалық училищеде және Семей қалсының көркемдік-өндірістік шеберханаларында жұмыс істейді.
Валентин Александрович (1918-1979) Ұлы Отан соғысын Қызыл Әскер қатарында қарсы алады. Ол Ленинград қоршауын бұзып шығуына қатысушы. Кейін ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы госпитальдарда жатады. Ол тек соғыстан кейін Семейге қайтып оралады, онда Христолюбовтың отбасы 1932 жылы көшіп келген. Валентин Александрович ұзақ жылдар бойы Көркемсурет қорының көркем-өнеркәсіптік шеберханаларында жұмыс істейді.
Григорий Тимофеевич Шереметьев (1922 — 1997) он жылдық мектепті тамамдаған соң 1941 жылы Ташкент әскери училищесіне, соңынан отыз төртінші жеке курсант-атқыш бригадасының құрамында Мәскеу маңына жіберіледі. Ауыр жарақат алып госпитальға түседі. Госпитальдан кейін ол Қазақстанға қайтып оралады. 1943 жылы эвакуация кезінде Алматыда орналасқан кинематография бүкілодақтық мемлекеттік институтының көркем-сәндік бөліміне түседі. 1946 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітіреді. Ал 1954 жылдан бастап оның өмірі мен шығармашылығы біздің қаламызбен байланысты. 1956 жылы Қазақстан суретшілер Одағы жас суретшіні Семей қаласына жолдайды. Көп жылдар бойы суретшінің шығармашылық белсенділігі әкімшілік қызметімен ұштасып жатты. Шереметьев Семей облысы бойынша суретшілер Одағының жауапты уәкілеті болды, семейдің көркемдік-өндірістік шеберханаларының шығармашылық қызметін басқарды.
Көрме жұмыстары — бұл соғысқа қатысушылардың портреттері, сол сұрапыл жылдары туралы суретшілердің жадыларында сақталған жеке естеліктерін көрсететін сюжеттік композициялар, бейбіт уақыттағы сүйікті қаламыздың пейзаждары. Көрме соғыс жылдарындағы ерліктерді, қайғы-мұнды мәңгі есте сақтауға шақырады.