Музей залдарының бірінде беймәлім француз суретшісі – салондық өнері өкілімен салынған сүйкімді жас қыздың портреті ілулі.
Франциядағы XIX ғасырдың ортасында салондық портрет ерекше танымал болады. Академизм және кеш классицизм нормаларына сүйене отырып, салондық өнері модельді «беруде» айбарлы, формальды аяқталу, патетика және бейнелердің идеализмі сияқты өзіне тән ерекше қасиеттерді қалыптастырады. Бұл консервативті-академиялық бағыт Францияның ең беделді көрмелерінің бірі, 1673 жылда Луврдің Шаршы салонында ашылған Париж Өнер академиясының тұрақты экспозициясынан өз атауын алды. Бірінші көрме 1667 жылы, король Париж академиясын өз мүшелерінің жұмыстарын көрермендердің назарына қоюға міндеттеген кезде, Король ХIV Людовиктің бұйрығы бойынша әлдеқайда ертерек өткен. Наполеон III императорының басқару уақытында (1852 – 1870) салондық өнердің гүлдену кезеңі еді. Оның танымал шеберлері: Т. Кутюр, А. Бурго, Э. Дюбюф, Ф.К. Винтерхальтер. Соңғысы Франция королі, Луи-Филипптің сарай суретшісі болды. Әрбір суретші қатаң академиялық принциптерге бейілділігін сақтай отырып, ерекше жазумен және мәнермен ерекшеленіп отырған, модельді өзіндік түсінуімен суреттеген, бұл ретте суретшінің авторлық жұмысында Тапсырыс берушінің қалауыда ескерілетін.
Тапсырыс берушінің үйіне түспес бұрын портреттер салонға қойылатын. Мүмкін осындай көрмелердің бірінде музей жинағындағы бейтаныс қыздың портреті де болған шығар. Тегіс, жұмсақ сызықтармен бейнеленген қыздың беті мен мойыны ерекше жұмсақтық пен жайлылықты беріп тұр. Таза, терең көзқарасы тыныштық пен мейрімділікті көрсетеді, ал жеңіл, күлімсіреуі көрерменге жылулық сыйлайды. Артқы жағындағы қара фон, жұмсақ жарық сырлы және оңашылдық сезімін береді.
Сол себептен ойымызға ғашық данышпанның өлең жолдары келеді:
Я помню чудное мгновенье,
Передо мной явилась ты,
Как божество, как вдохновенье,
Как гений чистой красоты.
Ғылыми қызметкер Ирина Рекида.