Жаңалықтар

   Ағылшын суретшісі Генри Энфилдтің (1849 — 1911) «Норвегиялық фьорды» картинасына қараған кезде, ойымызға он тоғызыншы ғасырдың лирикалық неміс ақыны, Генрих Гейненің «Лорелеи» өленінің жолдары түседі:

«Бог весть, отчего так нежданно
Тоска мне всю душу щемит,
И в памяти так неустанно
Старинная песня звучит?»
(Лев Мейдің аудармасы)

   Бұл пейзажда мұңды ештеңе жоқ сияқты көрінеді, бірақ көкжиек шегінде аспанның таза көгілдір түсін ашып тұрған сұр-қызғылт  бұлттар жиналған, олар жартастардың артына сыймай тығылысып, күнді өзіне жасыра отырып, алысқа созылып жатыр; теңізде соңғы күн сәулесінің жарқылын су айдыны бетінде шағылыстыра, жасыл-көк жеңіл толқындарымен мазасызданып тұр; адам аспас таулар арасында жұмыс күнінен кейін жалғыз желкенді қайық баяу жүзіп келеді. Жаныңды бір белгісіз мұң билейді. Бұл қайғы ма, сағыныш па, орындалмаған армандар ма… Бір құдай білсін … Әуен сарыны естіліп тұрғандай. Рейннің жағасынан шығып, Норвегияның суық жартастарымен көтеріліп келе жатқан Лорелеяның өзі сияқты.

И обмер рыбак запоздалый,

И, песню заслышавши ту,

Забыл про подводные скалы

И смотрит туда – в высотуев Мейдің аудармасы)

   Суретші Генри Энфилд Лондонда дүниеге келді, бірақ көркемдік білімді Францияда, Э. К. Дюранның шеберханасында алды (1874 – 1876).

   Мақаланы дайындаған музейдің ғылыми қызметкері Ирина Рекида