Айналадағы табиғат жасыл түсін сары және қызыл реңктерге араластыра бояп, кейде сұрғылт қалың бұлттар аспанның күміс-сұр түстерімен жарыса, жазғы көгілдір зеңгірдің болар болмас қалған түсімен үйлесіп жатқан қыркүйек айының күзгі күнінде, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің залдарында жаңа көрме ашылуда. Мұнда күн сәулесі көлеңкеден бөліне, әлі де жылуды уәде ететіндей, ал флоренциялық мозаикаға тән сызықтар мен дақтардың бояулары көрерменді күзгі шындықтан алшақтата отыра, кескіндемеші шақырған жаққа қарай бағыттайды, бұл оларды жаңа жерде және әр сәтте бар екендігін сезінуге мәжбүр етеді.
Адамдар осы сәттің құндылығын қаншалықты жиі ұмытады. Өмір қысқа сәттерден құрылады. Ол әрқашан жарқын оқиғаларға немесе күйзелістерге толы бола бермейді. Біздің өміріміз, ең алдымен, біз ойламайтын минуттар, секундтар, қарапайым және елеусіз. Бірақ өмірде олар көп. Егер біз оларды байқамасақ, онда біз өмірімізді, мүмкін, өмірдің көп бөлігін бос өткізіп жүрміз.
Невзоровтар отбасы музейінің залдарында – қазақстандық және ресейлік суретші Герман Титовтың «Бірге болу сезімі» атты жеке көрмесі. «Жәй», «Бүгін біз үйде боламыз», «Верочка», «Түрлі жағдайлардың тоғысуы», «Отряд» – бұл көрмеде ұсынылған шығармалардың кейбір атаулары ғана. Суретші өмірінің әрбір болмашы сәтін мұқият және эмоционалды түрде бастан кешіреді. Ол айналасындағы әлемнің түстерін әр жұмысында көптеген детальдармен толықтыра отыра, кенеп бетіне түсіреді. Осылайша, көрерменге ортақтасу сезіміне бөленуге көмектеседі.