Осыдан бір жыл бұрын біздің музейдің келушілері «Қылмыстар орны: алғашқы найзаға» көрмесінде Швеция суретшісі, Туве Крабоның жұмыстарымен танысты,» ол музейдің «мәдениет арқылы Үнқатысу» халықаралық жобасы аясында, Қазақстандағы Швеция Корольдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Жұмыстар сериясы осыдан 25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жабылған Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарына арналады.
Танымал серияның бір картинасы біздің музейге сыйға тартылды. Суретті тапсыру рәсіміне қатысқандар: Қазақстандағы Швеция Корольдігінің елшісі, мырза Христиан Камилл, Семей қаласы әкімдігінің, «Невада-Семей» қоғамының өкілдері, журналистер, қала ардагерлері.
Невзоровтар музейінің директоры, Т. Стромская мырза Елшіні және бірге жүретін оның ресми тұлғаларына жылы лебіз танытып, алғысын білдірді және алдағы уақыттада шығармашылық қарым-қатынас жалғаса беретініне сенім білдірді.
Мырза Христиан Камилл өзінің құрметті миссиясын орындап, Туве Крабоның «1 Полигон» атты суретін тапсырып, былай дейді: — «Біз картинаны тамаша музейге тапсыруға қуаныштымыз. Көрнекі түрде айтқанда, ол үйіне оралды. Сондай-ақ, оны бастан кешірген сіздің халыққыныздың қасіреті бізге де жақын және түсінікті екенін дәлелі. Яғни, сіздер жалғыз емессіздер. Осы музейде көрсетілуге қойылған біздің суретшінің көрмесінде, оның «1 Полигон» суреті осы бүкіл көрме жинағының өзіндік афишасы болды».
Дәстүр бойынша Швециядан келген мәртебелі қонақтар Невзоровтар музейінің экспозициялық залдарымен жүре отыра, жаңа көрмелермен танысты.