Невзоровтар музейінде ашылған жаңа түсілімдер көрмесі Қазақстан Республикасы Конституциясының кезекті жылдығына арналады.
Біздің музейде жергілікті және Қазақстандық авторлардың шығармашылығын зерттеу мен іздеу бойынша жүріп жатқан тұрақты жұмыс арқасында жаңа суреттер музей қорын толықтыруда.
Бірінші қабаттағы залдар экспозициясы төрінен белгілі және атақты суретшілердің жұмыстары орын алды: М. Кисамединов, А. Шениязов, И. Квачко, Б. Табиевтің. Өнерге әуес келушілер үшін көрмедегі жас, бірақ қазірдің өзінде танымал автор, А. Врадийдің графикасы және әуесқой суретшіден кәсіби деңгейге жеткен Ш. Абдулганиевтің акварельі аса қызығушылықты тудырады.
Көрермендер түрлі техникада орындалған жұмыстарды көре алады: гуашь, акварель, қарындаш, майлы бояу, сепия, сондай-ақ линогравюра және офорт. Б.Табиевтің «Аялдама» жұмысында тыныштық пен тамаша жайлылық сезіледі. Біздің музейдің келушілері осы суретшінің тағы бір «Немерелерімен» атты туындысымен таныс. Сондықтан, жаңа жұмыс – бұл ескі таныспен кездесу сияқты. Мүмкін, біздің өңірдің тұрғындары Өскемен маңындағы «Сібе » бес жұмбақ көлдері туралы біле бермес. Семей қаласының белгілі суретшісі, Г.Макаров бізді осы көлдердің бірімен таныстырады. Ол «Сібенің 2 көлі» деп аталады. Бірақ бұл автордың жұмысы оның сұлулығын ғана көрсетіп ғана қоймай, ол «табиғаттың тірі» екендігін білдіреді.
Невзоровтар музейіндегі жаңа түсілімдер көрмесі – тек кезекті жоспарлы экспозиция құру емес, ол жаңа және қызықты нәрселермен танысу арқылы әңгімеге тарту.