Құрметті достар, әріптестер! Невзоровтар отбасы музейінің ұжымы Сіздерді кәсіби мереке — Халықаралық музейлер күнімен шын жүректен құттықтайды! Біз сіздерге денсаулық, бақыт, жаңа қызықты жобаларды жүзеге асыруды, біздің тамаша жұмысымызда сарқылмас ынта-жігер, сондай-ақ отбасыларыңызға бейбітшілік пен амандық тілейміз!
Осы мереке күні дәстүр бойынша әлемнің барлық музейлері «Музей түні» атты танымал көркем акциясын өткізеді. Осы мереке күні бізде тыс қалмай, музейге келушілердің барлығына ашық есік күнін жариялаймыз.
Бүгін, 18 мамыр, музейге кіру тегін! Сіздерді 10.00-ден 17.30-ға дейін күтеміз.
Кейінірек, кешкі уақытта, барлық музей аккаунттарында біз онлайн форматта өткізетін Түннің мерекелік оқиғалары туралы бейнесюжеттер сериясын жариялаймыз. Эфирді қадағалап отырыңыз!